jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жүкті әйелдерге неге аяқты айқастырып отыруға болмайды

    : UGC

    Жүкті әйелдерге аяқты айқастырып отыруға болмайды деген тұжырым жиі айтылады деп жазады ҚазАқпарат.

    Бұл пікірдің «сәбидің аяғы қисық, не маймақ болып қалады» деген мағынасыз түсіндірмесінен өзге, жүктілік кезінде аяқты айқастырып отыру варикозға шалдықтырады деген де нұсқасы бар. Сонымен, бұл уәждер қаншалықты рас?

    Мамандардың айтуынша, соңғысы жай сөз емес. Өйткені, Бостон медицина орталығының мамандары болашақ аналарға арнап жазған «A Guide to Pregnancy, Birth and Babies» брошюрасында акушерлер жүкті әйелдердің жеті мен тоғызыншы айлар аралығында аяғын айқастырып ұзақ отырмауға кеңес береді.

    Екіқабат кезде дененің массасы ауырлап, ісініп жүретін болғандықтан, венаға қосымша ауыртпалық түседі. Сол үшін төменгі жақтың қан айналымы дұрыс болуы үшін мүмкіндігінше аяқты айқастырып отырудан аулақ болған жөн.

    Қорыта келгенде, жүктілік кезінде (жеті-тоғыз айлары) аяқты айқастырып отыру қан тамырларының кеңеюіне соқтыруы мүмкін. Ол күйде отырмаған абзал.

    Yvision.kz сайтынан алынды.

    Жүкті әйелдерге неге аяқты айқастырып отыруға болмайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.