jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ғалымдар: 2017 жылы Жер шары өз тіршілігін тоқтатады

    : UGC

    Дэвид Мид атты беделді ғалым «2017 жылдың қазан айында Жер шары өзге ғаламшармен соқтығысып, толықтай қиратылады» деп мәлімдеді. Бұл туралы "Қамшы" порталы vladtime.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ол өзінің бұл тұжырымын «Planet X: The 2017 Arrival» атты қыркүйекте жарық көрген еңбекке байланысты жасаған. Ғалымның айтуынша, жердің құрдымға кетуінің белгілері көрініп жатыр, алайда, қоғам оны байқамайды екен.

    Дәлел ретінде ғалым Дэвид Мид жер сілкінісінің статистикасын көрсетеді, соңғы жылдары жер сілкінісі өте жиілеп кеткен. Ғалымның есебі бойынша, 2017 жылдың қыркүйек айында «Планета Х» «Бикеш» жұлдыздар шоғырының ортасын қиып өтіп, 5 қазанда күннің бетін толықтай жауып қалады екен.

    «Планета Х» теориясын, сонымен қатар, Роберт Вичино атты ғалым да растап отыр. Алайда, «Планета Х» немесе «Нубиру» атты ғаламшар біздің Жер шарымызды 2015 жылдың желтоқсанында құрту керек болған.

    NASA ондай ғаламшардың бар болуының өзі әлі нақтыланбаған деректерді сынға алған еді.

    Естеріңізге сала кетсек, ғалымдар Жер шарындағы ауа-райы өзгеріп, алдағы онжылдықта тіршілігін тоқтатады деп мәлімдеген болатын. Мысалы, 2016 жыл соңғы жүзжылдықтағы ең ыстық жыл болған екен.

    Аударған: Назерке Лабихан

    Тағы оқыңыздар:

    Ақтөбелік жас қыздар порнокәсіпті табыс көзіне айналдырды

    Жаңа жылдан кейінгі алғашқы сауда теңгенің құлдырауынан басталды

    Назарбаев қысқа мерзімді демалыс алды

    Шымкентте қыз зорлады деп сотталған жігіттің келіншегі төрт баласын тастап кетпекші

    Назарбаев бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді

    Ғалымдар: 2017 жылы Жер шары өз тіршілігін тоқтатады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.