jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Адамдар айдың 13-не сәйкес келетін жұмадан неге сескенеді

    : UGC

    Бүгін желтоқсанның 13-і жұмаға келеді. Әлем халқы бұл күні түрлі қиындықтарға, қорқынышқа, мистикаға толы болады деп есептейді. Тіпті, бұл күн "қара жұма" деп те аталып кеткен.

    KAZ.NUR.KZ

    порталы Life.ru-ға сілтеме жасап осы күнге қатысты айтылған тыйымдар мен ырымдарды анықтап көрді.

    Көрнекі фото: islam.ru
    Көрнекі фото: islam.ru: Facebook

    13, жұма: Бұл күні қандай оқиғалар болған?

    13 саны ежелгі заманнан-ақ, бақытсыз болып саналған. Өйткені, жұма, 13-і күні Адам тыйым салынған алманы жеп, мұның салдары адамзат үшін ауыр болған.

    1307 жылы 13 қазанда, жұма күні Филипп IV француз патшасының бұйрығымен тамплиерлер орденінің тас-талқаны шығарылып, оның мүшелері өлім жазасына кесілген.

    1907 жылы 13-желтоқсанда британиялық "Томас Лоусон" кемесі опат болған.

    1972 жылы 13-қазанда Мәскеуде Ил-62 жолаушылар ұшағы жерге құлап, 174 адам қаза болған. Бұл әлемдегі ең үлкен әуе апаттарының бірі.

    2012 жылы 13-қаңтарда ішінде 4200 адам болған Costa Concordia лайнері апатқа ұшырады. Қайғылы оқиғадан 40 адам қайтыс болған.

    1988 жылы 13-мамырда Jerusalem компьютерлік вирусының эпидемиясы басталды.

    13, жұма: Бұл күні не істеуге болмайды, қандай тыйымдар бар?

    Бұл күнді дәрігерлер, әсіресе хирургтар аса ұнатпайды. Олар осы күні ота жасауды жоспарламайды.

    Сондай-ақ, бұл күн бірқатар маңызды істер үшін сәтсіз деп есептеледі. Мәселен, қаржылық операциялар, саяхат, үйлену тойын бұл уақытқа жоспарламаған жөн.

    Бұл күні:

    • Қатты қажет болмаса алыс сапарға шығудың
    • Жол апаты көп болатындықтан, рөлге отырудың
    • Үй немесе бақша өсімдіктерін отырғызудың
    • Тырнақ алып, шашыңызды бояудың
    • Жаңа жұмыс іздеп немесе жұмыс берушімен әңгімелесудің
    • Ауыр медициналық процедуралар жасаудың
    • Үйлену тойын белгілеудің
    • Маңызды келісімдер жасап, қарыз алып, қарыз берудің
    • Жұмыстан шыққан сәтте артқа қараудың
    • Алкогольді сусындары бар көңілді кеш ұйымдастырудың қажеті жоқ.

    13-күні жұмаға түссе көңіліңізді көтеріп, жаман ойлардан аулақ болыңыз. Жағымсыз энергиядан арылсаңыз күніңіз мерекелі де берекелі де болмақ.

    Адамдар айдың 13-не сәйкес келетін жұмадан неге сескенеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.