jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қасиетті Қадір түнін ұйықтамай өткізу шарт па

    Қол жайып, дұға етіп отырған адам
    Түн. Дұға етіп отырған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде келетін қасиетті Қадір түнін ұйықтамай өткізу керек пе? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы muftyat.kz ресми сайтында жауап берді.

    Діни басқарманың хабарлауынша, Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.

    "Себебі Айша анамыз: (Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес", - деген.

    Сонымен қатар Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:

    "Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады", - деген.

    Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ", - дейді ҚМДБ өкілдері.

    Свежая публикация по теме:
    Рамазан айында қандай дұғалар оқу керек

    Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-не қараған түн деп белгіленген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.