Эзотерика

Зектілері

Қалың мал мәһірге жата ма: ҚМДБ өкілі жауап берді

Жарияланған күні:

Қалыңмал мәһірге жата ма
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қоңырбайұлы күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға болатынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ағабек Қоңырбайұлының пікірінше, қазақ дәстүріндегі қалыңмалды ислам шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар.

"Кейбір Хорезмдік және одан да басқа ғалымдар қыздың артынан келетін қалың малды "тездетіп берілетін мәһір" деп санапты.

Ал екіншілері қалыңмалды ұзатылып жатқан қызға белгілі бір нәрсенің (жиһаз, т.б.) есесіне берілетін сыйлық деп есептеген. Қазақ дәстүрінде қалың мал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние.

Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болатындай. Ал "әке еңбегі", "ана сүті", т.с.с. қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік мәһірге саналмайды. Сондай-ақ, қыздың жасауын әкесі өз мүлкінен алып берсе, бұл мәһір болып есептелмейді", - деп жазады Ағабек Қоңырбайұлы.

Оның айтуынша, қалың мал берілмейтін өлкелерде неке қию барысында мәһірді белгілеуге тиіс. Мәһір белгіленбеген жағдайда некесі дұрыс болады, алайда күйеуі мәһір-мисл береді.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі барлық жайтты ескере келе мынадай шешім шығарған:

  • Күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады.
  • "Әке еңбегі", "ана сүті" секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/interesting/2189100-qalyngmal-mahirge-zhata-ma-qmdb-okili-zhauap-berdi/