Мұрындағы безеу нені білдіреді: наным-сенімдер және түсіндірмесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Беттегі безеудің медициналық қана емес, эзотерикалық түсіндірмесі де бар. Ел арасындағы сенім бойынша мұрынға шыққан безеу нені білдіреді? Материалдан оқыңыз.
Мұрындағы безеуге байланысты наным-сенімдер
Мұрындағы безеулер нені білдіреді? Мұрындағы безеу жақын арада сүйіктіңізбен кездесетініңізді немесе болашақта отбасы құратын жанды жолықтыратыныңызды білдіреді. Егер безеу мұрынның ұшында емес, бүйірінде пайда болса, бұл сүйікті адамыңыздың жүрегін жаулап алудағы табандылықты білдіреді.
Мұрынға шыққан безеудің мынандай түсіндірмелері бар:
- Мұрынға бірнеше безеу шықса, біреу құлай сүйетінін білдіреді.
- Мұрынның ұшындағы жалғыз безеу – жақсы жаңалықтың жаршысы. Екі тал безеу – таяуда болатын сапар және демалыс.
- Кеңсірікке шыққан безеу жеке өмірдегі және жұмыстағы сәтсіздіктерді білдіреді. Сақ болыңыз және өзіңізді қорғауға дайындалыңыз.
- Кеңсіріктегі көптеген безеу ұзақ және алыс сапардың, іссапардың немесе қоныс аударудың хабаршысы саналады.
- Мұрынның оң жағындағы безеу дұрыс жол таңдалғанын білдіреді, барлық тілек орындалады. Сол жақтағы безеу бағалы сыйлықтың хабаршысы болып саналады.
Егер ер адамның мұрнына безеу шықса, онда ол жақын арада бір қызбен танысады. Жас әйелдің мұрнындағы безеу сері жігіт танысқысы келетінін білдіреді. Тұрмыстағы қыздың мұрнындағы безеу күйеуінің табысқа жететінін білдіреді. Егер жүкті әйелдің мұрны безеуден сәл ісінген болса, дүниеге ұл бала әкеледі.
Ирландияда мұрындағы безеуді көргендер: "Сәттілік!" дейді. Бірақ бұл белгі әрқашан жақсы жаңалық бола бермейді. Мұрын астындағы безеулер сатқындықты білдіруі мүмкін.

Беттегі безеуге қатысты наным-сенімдер
Беттегі безеу нені білдіреді? Беттегі бөртпе маңызды кездесу мен романтикалық кездесуді білдіреді. Ал үлкен және ауыратын безеулер бір адамға ұзақ уақытқа бауыр басуды білдіреді. Кішігірім безеу таяуда сүйіктіңізді кезіктіретініңізден хабардар етеді.
Беттегі безеулерге қатысты мынандай да наным-сенімдер бар:
Беттегі безеулер – жаңадан романтикалық танысу немесе ескі серіктеспен татуласу (сол жақ щек), сондай-ақ табысты іскерлік танысу (оң жақта). Оң көздің астындағы бөртпелер - қызықты сұхбаттасушымен жағымды кездесу, күтпеген қуаныш. Сол көздің астындағы безеу - сіздің жақын ортаңызбен қақтығыстардың хабаршысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/interesting/2207636-muryndagy-bezeu-neni-bildiredi-nanym-senimder-zhane-tusindirmesi/