2025 жылдың қаңтар айында магнит дауылдары қашан болады және адам ағзасына әсері қандай
Жарияланған күні:

Геомагниттік алаңның құбылуы - Күннің белсенділігінен туындайтын табиғи құбылыс болып табылады. Бұл құбылыс қаңтар айында да күшейеді. Метеосезімтал адамдарды жылдың бірінші айында не күтіп тұр? Бүгінгі мақаладан білетін боламыз.
- 2025 жылдың қаңтарында геомагниттік дауылдар 5-6, 10-12, 16-20 және 26-29 күндері болуы мүмкін, олардың деңгейі орташадан жоғарыға дейін жетеді.
- Магниттік дауылдар навигациялық жүйелерге, электр желілеріне және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін, соның ішінде бас ауруы, қан қысымының өзгеруі және ұйқы бұзылыстары болуы ықтимал.
- Метеосезімтал адамдарға денсаулығын сақтау үшін дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйықтау, таза ауада серуендеу және стрессті басқару техникаларын қолдану ұсынылады.
Магнит дауылдарының пайда болуы мен себептері
Жердегі ғарыштық ауа райы дегеніміз Күн мен Күн жүйесінің әсерінен Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарындағы болатын құбылыстар. Магниттік дауыл ғарыштық ауа райының белгілі факторларының бірі болып саналады.
Магнит дауылы дегеніміз не?
Магнит дауылы деп жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күшті бұзылысты атайды. NASA мәліметтері бойынша олар магнитосфера арқылы адамдарға, объектілерге және құбылыстарға күн сәулелерінің (Күн бетіндегі алаулар) және күн желдерінің (ионданған бөлшектердің ағындары) әсерінен туындайды. Магниттік дауылдардың денсаулыққа әсерінен басқа мынадай мәселелер болуы мүмкін:
- Навигациялық жүйелер мен радиобайланыс ақауы.
- Электр желілеріндегі кернеуді реттеу мәселелері.
- Электр қуатын авариялық жағдайда өшіру жүйелерін іске қосу.
- Құрылғылар мен жүйелердің жұмысындағы ақаулар.
- Поляр шұғыласының күшеюі немесе оның бұрын болмаған жерде пайда болуы. Ғарыш аппараттары мен спутниктер жұмысының бұзылуы.
- Осыған орай былтыр наурыз айында ғарыштық зымыран өндірушілер кезекті ұшыруды кейінге қалдырған еді.
Магнит дауылдарының әсерін бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Олардың зерттеулері негізінде алдағы екі-үш айға арналған магниттік дауылдардың болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден басқа еріктілер тобы модераторлық ететін бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар да бар.
Магнит дауылы қалай пайда болады?
Магнит дауылдарының негізгі себебі Күн белсенділігінің артуымен байланысты. Жердің магниттік сферасы (магнитосфера) планетаның өрістері арқылы құрылады және оны Күн шығаратын бөлшектерден қорғайды. Тәждік массаның шығарылуы (CME) болғанда немесе жоғары жылдамдықтағы Күн ағыны біздің планетамызға жеткен кезде ол осы қорғанысқа түседі. Сақиналық тоқ күшейеді және 6-12 сағатқа созылатын Жердің магнит өрісінің күші төмендейді. Бірнеше күн ішінде бұл құбылыс қайта қалпына келеді. Күннің жарқылы не себептен туындайды?
Плазма мен радиацияның күшею себебі көбінесе корональдық тесіктермен байланысты. Бұл күн желінің Күннен ғарышқа шығатын зарядталған бөлшектер (протондар мен электрондар) ағынының — шығарылуына мүмкіндік беретін ашық магнит өрісі сызықтарының аймақтары. Магниттік өріс сызықтары бар алып плазмалық бұлттар пайда болады.
Олар Жердің магнит өрісін бұзады. Күн плазмасы қорғанысты қалай бұзады? Полюстер аймағында магниттік сфераның ашылуы болады. Мұнда плазма атмосфералық газдармен және поляр шұғыласымен әрекеттеседі. Бұл - атмосфераның жоғарғы қабаттарының жарқырауымен жүретін оптикалық құбылыс.

2025 жылдың қаңтар айында болатын магнит дауылының күнтізбесі
Магнит дауылдарының түрлі-түсті солтүстік шұғыласының туындауына әкеліп, спутник, электр желілері, радиобайланыс, GPS және өзге де навигациялық жүйелердің жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жердің магнитосферасындағы магнит дауылдары және ғарыштағы ауа райының адамдарға әсерін бақылау үшін төмендегідей басты критерийлерді ескеру қажет:
- АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфералық басқармасы (NOAA) жасаған геомагниттік дауылдың қарқындылығын, күшін және деңгейін сипаттайтын бес балдық G шкаласы.
- Геомагниттік белсенділіктің ғаламдық индексі немесе Kp-index (K). 0–9 аралығында құбылады, 0 – "өте төмен дауыл" және 9 — "қатты дауыл" дегенді білдіреді.
- Күн жарқылы түрлерінің шкаласы: A, B, C, M, X, мұндағы А - ең әлсіз, ал X - ең күшті.
Wired технология журналының мәліметінше, 2025 жылы магниттік дауылдар, Күннің магниттік полюстерінің өзгеруіне байланысты, Күн жүйесіне миллиардтаған тонналық магниттік зарядталған зат шығарылатын, циклдік 11 жылдық белсенділіктің ең жоғарғы көрсеткішіне жетеді. Жер бетіндегі адамдар оны алғаш рет айдың бірінші он күндігінде көреді.
Күн белсенділігі
Күннің белсенділігін болжайтын ғарыштық ауа райын болжау орталығының (NOAA) хабарлауынша, 2025 жылдың шілде айында ең жоғары, яғни Күнде 115 жерде болатын магнит дауылы күтіледі. Meteoagent метеосезімтал адамдарға арналған қосымша ұсынған мәліметтерге сәйкес, биылғы жыл магниттік дауылдардан басталды.
Оның шыңы 1 қаңтарда (K-Index 7) көрсеткіші байқалып, содан кейін бұл көрсеткіш біртіндеп төмендей бастайды. Жылдың бірінші айында күн белсенділігі төмен және орташа деңгейде болады (G1— G3) деп күтіледі.
Сонымен 2025 қаңтар айында магнит дауылы қашан болады? NOAA мәліметтеріне сай, магнит дауылы 5-6 қаңтар, 10-12 қаңтар және 16-20 қаңтар орын алуы мүмкін. Осыған сәйкес, KP-index жаһандық индексінің көрсеткіштері төмендегідей болады деп болжануда:
- 5-6 қаңтар - K-Index 3 (орташа).
- 10 қаңтар - K-Index 4 (жоғары).
- 11-12 қаңтар - K-Index 3 (орташа).
- 16 қаңтар - K-Index 4 (жоғары).
- 17-20 қаңтар - K-Index 3 (орташа).
Meteoagent қосымшасы 26-29 қаңтар аралығында K-Index шкаласы бойынша 3-5 (орташа–жоғары) магниттік дауылдардың орын алатынын хабарлайды. Күн дақтарының белсенділігі айтарлықтай тұрақты болғанымен, ол біртіндеп күшеюі мүмкін. Бұл қаңтарда қалыпты ғарыштық ауа райы сақталады деген мағынаны білдіреді.

Қаңтарда болатын магниттік дауылдарға қатысты кеңестер
2025 жылы NOAA ғарыштық ауа-райын жылдам болжауға арналған жаңа Space Weather Follow-On L-1 ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлап отыр. Жоба қазіргі таңда әзірленуде, десе де қазірдің өзінде мамандардың қолында геомагниттік белсенділікке қатысты өзекті болжамдарды жасау үшін жеткілікті құралдар бар. Метео тәуелді адамдарға оны тек бақылап, денсаулыққа қатысты ұсыныстарды ескеру ғана қалды. Осыған орай, адамдарда көбінесе келесідегідей жайсыздықтар орын алуы мүмкін:
- Бас ауруы, бас сақинасының приступтері.
- Қан қысымының ауытқуы.
- Ұйқышылдық немесе ұйқысыздық.
- Ойды жинақтау қиындықтары.
- Көңіл-күйдің құбылуы.
Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін жеңіл, құнарлы тағам мәзіріне ауысыңыз және су ішу режимін сақтаңыз. Күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтап, ұйықтар алдында таза ауада серуендеуді ұмытпаңыз.
Шамадан тыс жаттығулардан бас тартыңыз. Йога, медитация, тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Егер созылмалы ауруларыңыз болса, дәрі-дәрмектеріңізді дайындап қойыңыз. Гаджеттерді пайдалану уақытын шектеп, кітап оқуға басымдық беріңіз.
Қаңтар айында денсаулығыңыздың өзгеру себептерін білу үшін күн белсенділігіне мән беруді ұмытпаңыз. Жоғарыдағы кеңестерге құлақ түріп, өзіңізге қамқорлық танытыңыз. Сол кезде жылдың бірінші айы оңай әрі еш қиындықсыз өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/esoterics/interesting/2210651-2025-zhyldyng-qangtar-aiynda-magnit-dauyldary-qashan-bolady-zhane-adam-agzasyna-aseri-qandai/