jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Рамазан: ең ұзақ ораза неше сағатқа созылады

    Ауыз ашуға арналған шай мен тағамдар. Көрнекі сурет
    Ауыз ашуға арналған шай мен тағамдар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қасиетті Рамазан айына 23 күн қалды. Осыған орай Almaty.tv арнасы оразаға қатысты қызықты деректерді назарға ұсынады.

    2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда кіреді. Күннің ұзақтығына байланысты ораза уақыты әр елдерде әр түрлі болады.

    Ең ұзақ ораза Исландия, Норвегия, Финляндия сияқты солтүстік елдерде 20-22 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

    Ең қысқа ораза Аргентина, Чили, Австралияның оңтүстігі сияқты жерлерде 11-12 сағат қана болуы мүмкін.

    Ал ғарышта күн 90 минут сайын шығып-батады. Сондықтан ғарышкерлер Жердегі белгілі бір уақыт белдеуіне (әдетте, Мекке немесе шыққан елі бойынша) сүйеніп, ораза ұстайды.

    Елімізде ауызашарда су немесе құрма жеуді жөн санайды. Ал Түркияда – пиде (жалпақ нан), зәйтүн, айран ішсе, Мароккода харира (дәмдеуіш қосылған сорпа), Индонезияда колак (банан, пальма қанты мен кокос сүтінен жасалған тәтті тағам) ұсынады.

    Еске салайық, Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түніне белгіленген. Ал Құрбан айт 6 маусымға тура келіп отыр.

    Рамазан: ең ұзақ ораза неше сағатқа созылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.