Биылғы жаз соңғы 100 жылдағы ең ыстық маусым ретінде тіркелді
Жарияланған күні:

Биылғы жаз соңғы 100 жылдағы ең ыстық маусым ретінде тіркелді. "Қазгидрометтің" мәліметінше, мұндай аптап ыстық елімізде соңғы жүз жылда болмаған екен, деп хабарлайды "Еуразия" ұлттық арнасы.
Зерттеу мониторингіне сүйенсек, ауа температурасының ең жоғарғы көрсеткіші республикамыздың басым бөлігінде байқалыпты.
Мәселен ми қайнатар ауа райы Ақмола, Қарағанды облыстарының шығысында, сондай-ақ Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлерінде тіркелген. Бұл аймақтарда термометр бағаны әдеттегіден +4 градусқа дейін көтерілген.
Яғни, ауа температурасы 40-45 градусқа дейін барған.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/esoterics/interesting/2429886-biylgy-zhaz-songgy-100-zhyldagy-eng-ystyq-mausym-retinde-tirkeldi/
