jitsu gif
Отбасы

    Ақшақар киімін қалай қолдан жасауға болады

    Ақшақар
    Ақшақар. Көрнекі фото: instagram.com/snegurochkadom

    Жаңа жыл қарсаңында ертеңгіліктерге қызу дайындық басталады. Бүгінде дүкен сөрелерінде жаңажылдық костюмдердің түр-түрі толып тұр десек те, оның бағасы әркез көңілден шыға бермеуі мүмкін. Мәселен, Ақшақар костюмін қолдан жасап алсаңыз, ақша да үнемделеді, қызыңыз да қатарластарынан ерекшеленіп тұрады. Олай болса жаңажылдық ертеңгілікке лайықталған Ақшақар киімін қалай қолдан жасауға болатыны жөнінде кеңестер ұсынып көрейік.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Жаңа жылға арналған Ақшақар костюмін үйде жасау үшін ақ немесе көгілдір көйлек, қар ұлпалары, жылтырақтар және мақта қажет.
    • Ақшақар бас киімін қатырма қағаздан жасап, оны матамен қаптап, әшекейлермен безендіруге болады.
    • Бас киімді жасаудың екінші әдісі – иілгіш темірден қаңқа жасап, оны тор матамен қаптап, жылтырақ тастармен және моншақтармен әрлеу.

    Жаңа жылда Ақшақар болуды армандамайтын қыз жоқ шығар. Олай болса, қызыңызға өмірінде бір рет өзін Ақшақар сезініп көру бақытын сыйлай аласыз. Ол үшін сізге:

    • ақ немесе көгілдір түсті көйлек: ұзын, етегі кең көйлек болса, тіпті жақсы;
    • қолдан жасалған қар ұлпалары (жасанды қар ұлпасын желтоқсанда дүкеннен тауып алу қиынға соқпайды, қиялға еріп беріп, қолдан да жасап алуға болады);
    • ақ не күміс түсті жаңажылдық жылтырақ;
    • мақта қажет.

    Дайын көйлекке қар ұлпаларын жабыстырып, етегі мен жеңіне ақ немесе күміс түсті жылтырақты не болмаса мақтаны айналдыра тігіп шығуға болады. Күміс түсті жылтырақты белдік ретінде беліне орап қоямыз.

    Ал Ақшақардың бас киімін дүкеннен сатып алуға не болмаса қатырма қағаздан қолдан жасап алуға болады. Ол үшін қатырма қағазға бас киімнің үлгісін сызып, қиып алып, оған ақ фатин немесе ақ, көгілдір түсті басқа да матаны жабыстыру қажет. Дайын болған бас киімге ыстық желіммен қар ұлпаларын, жылтырақтар жабыстырып, жиегін өрнегі бар жеңіл лентамен көмкеріп қоюға болады. Бас киімді шашқа тағатын жуан шеңберге желімдеп қойсаңыз, тағуға ыңғайлы болады. Ақ немесе күміс түсті туфли образды аша түседі.

    Ақшақар бас киімін әзірлеудің екінші тәсілі

    Ақшақар киіміндегі басты элемент – бас киім. Оны қолда бар материалдардан үйде өзіңіз-ақ тігіп алуыңызға болады.

    Ақшақар бас киімі
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Бас киім әзірлеуге қажет материалдар:

    • иілгіш келетін жеңіл темір;
    • қағаз;
    • тор мата;
    • жіңішке жылтырақ жиектеме;
    • жылтырақ моншақтар;
    • әртүрлі пішіндегі жылтырақ тастар.

    Алдымен иілгіш темірден, қағаздан және тор матаны екі қабат етіп алып, бас киімнің каркасын әзірлеп аламыз.

    Бас киімнің қаңқасы
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Қағазды осы карка өлшеміндей етіп кесіп алып, қағаздың көмегімен тор матаның жиегін тігіп шығамыз, бірақ қағазды суырып алу үшін бір жақ шетін тікпейміз.

    Ақшақар бас киімінің негізі бөлігін тігу
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Дайын болған тор матамен бас киім каркасын қаптаймыз.

    Шебер темір каркасты тормен қаптауда
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Тор қаптап болған соң, жиегін тігіп, бас киімді жіңішке жылтырақ жиектемемен, жылтырақ тастармен сәндейміз.

    Ақшақар бас киімін әзірлеу сәті
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Шілтерден бас киімнің маңдайшасын және жеке тұсына қалпақ тігуге болады.

    Ақшақар бас киімін әзірлеу сәті
    Ақшақар бас киімі. Видеодан кадр: youtube.com/@Master.Gul888

    Оны да жиектемемен, жылтырақ тастармен, моншақтармен безендіреміз.

    Ақшақар киімін қалай қолдан жасауға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.