jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Сән әлемі: жылқы жылында қандай киімге сұраныс артады

    Шопинг
    Шопинг. Көрнекі сурет: pixabay.com

    2026 жыл сән әлеміне де тың серпін әкелмек. Жаңа жылда дизайнерлер классикалық ережелерден бас тартып, батыл шешімдерге бет бұруға кеңес береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Жылқы жылында дизайнерлер жайлылық пен талғамды қатар ұштастырып, экология мен технологияны үйлестірген стильді алға қоюда. Табиғи материалдарға сұраныс арта түспек. Мақта, зығыр, жүн, жібек және қайта өңделген экоматалар трендте болады.

    2026 жылдың сәнінің де өңі бөлек. Табиғи жұмсақ реңк алға шықты. Қоңырдың қоюы, құм түсі, тұнық көк киген киіміңізге қайталанбас ажар береді. Ал халықаралық сарапшылардың таңдауы ақ түке түсті. Жалынды Жылқы жылының нышаны ретінде қызыл түс ерекше мәнге ие.

    "2026 жылдың ең басты түсі – ақ. Бұл Pantone халықаралық институтының белгілеген түсі. Сондай-ақ негізгі түсті ашық көкшілмен үйлестіргеніміз жөн. Әрине жалынды жылқы жылы болғандықтан, соған сай, өзіңізге келетін қызыл түсті дұрыс таңдай білген жөн. Матаға келетін болсақ, келесі жылға барқыт, шілтер, торкөз өрнекті маталарды таңдасаңыз, жаңылмайсыз. Бірнеше стильді үйлестірген өте сәнді. Мәселен, 80 жылдардың тренді қайта оралады. Онда спорт-шик, классика сияқты образдарды қайталауға болады", – деді стилист Бибінұр Бакеева.

    Сән сарапшыларының айтуынша, енді oversize киімдерді ұмыта тұрған жөн. Оның орнына силуэтті, пішінді айқын көрсететін киім сәнге айналады. Қынамалы жакеттер, жоғары белді шалбарлар мен иықты айқындайтын пиджактар қайта сәнге енеді. Сән саласының мамандары шетелдік трендсеттерлердің киім үлгілерінен 80 жылдардың әсерлі образдары анық байқалатынын айтты.

    Жарқын акценттер, ірі әшекейлер, белбеулер, әртүрлі түс бір образда үйлесім таба алады. Эклектикалық стиль басым. Яғни бірнеше бағыттағы сәндік шешімді бір-бірімен шебер ұштастыру арқылы ерекше киім үлгісін шығаруға болады.

    Стилист "келер жылы ұсақ-түйек аксессуарларға мән берген дұрыс" дейді. Белдік, түйме, әшекей секілді детальдар киімнің сәнін ашып, образға өзгеше реңк береді.

    Авторлар: Әйкерім Пернебек, Думан Дәулетбақұлы

    Сән әлемі: жылқы жылында қандай киімге сұраныс артады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.