Пхукеттегі "өз жұмағыңыз": Laguna Phuket девелоперлік жобалары несімен тартымды
Жарияланған күні:

Әдетте Таиланд десе, бірден есімізге ел арасында танымал, әйгілі Пхукет аралы еске түседі. Туристер арасында өзінің әсем табиғатымен танымал арал қазір белгілі демалыс орнынан халықаралық тұрғын үй нарығының жаңа орталығына айналған. Бүгінде Пхукеттегі Laguna Phuket және Laguna Lakelands аумақтарында ауқымды премиум-резиденциялар құрылысын қарқынды дамытып жатқан Таиландтағы ең ірі девелоперлердің бірі Banyan Group тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз, сапалы өмір сүрудің жаңа деңгейін ұсынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Пхукет: халықаралық тұрғын үй нарығының қалыптасуы
Бүгінде Пхукет әлемге танымал демалыс орнынан халықаралық тұрғын үй орталығы ретінде жаңа деңгейге көтерілді. Бұған халықаралық әуе қатынасының кеңеюі мен Таиландтың қауіпсіз әрі қонақжай ел ретіндегі беделінің артуы себеп болып отыр.
Кейінгі жылдары аралда тұрақты тұрғындар мен шетелдік жылжымайтын мүлік сатып алушылар санының тұрақты өсуі байқалады. Бұл – тұрақтылықты, жоғары өмір сапасын және ұзақ мерзімді тұруға рұқсат алудың сенімді жолдарын іздейтін отбасылардың таңдауы. Пхукет қолжетімділік, табиғи сұлулық пен халықаралық стандарттағы инфрақұрылымның сирек кездесетін үйлесімін ұсынады.
2025 жылы Таиландқа 33 миллионға жуық шетелдік турист келген, мұнда алыс елдерден келгендер саны алғаш рет 10 миллионнан асқан. Олардың көбі аралға қайта оралып, ұзақ мерзімге қалу мен жылжымайтын мүлік сатып алу нұсқаларын қарастырады.
Бұл үдерісте Орталық Азияның да үлесі артып келеді. Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолиядан келетін саяхатшылар үшін әуе қатынасының жақсаруы мен кіру талаптарының қарапайымдылығы Пхукетті тек демалыс орны емес, ұзақ уақыт тұруға арналған тиімді таңдауға айналдырды.
Аралда халықаралық стандарттағы медициналық қызметтер, жетекші халықаралық мектептер, яхта тоқтау орындары (мариналар), гольф алаңдары мен дамыған инфрақұрылым желісі бар.
Салалық зерттеулерге сәйкес, Пхукет брендтік резиденциялар бойынша Дубай, Майами және Нью-Йорк сияқты нарықтармен қатар жоғары орындарды иеленеді. Премиум-класс кондоминиумдарын сатып алудағы шетелдік азаматтардың үлесі 60 пайыздан асады.
Laguna Phuket: әлемдік деңгейдегі тұрғын үй қауымдастығының дамуы
Пхукеттің тұрғын үй секторының орталығында – 35 жылдан бері қарқынды дамып келе жатқан Laguna Phuket курорттық қалашығы орналасқан. Ол осы жылдар ішінде демалыс орнынан Азиядағы өмір сүруге ең жайлы мекенге айналды. Банг Тао жағажайының бойында орналасқан бұл қалашық 400 гектардан астам аумақты алып жатқан дербес халықаралық қауымдастық саналады.
Бүгінде Laguna Phuket қалашығында 70-тен астам ұлт өкілдері тұрады. Оның аумағында халықаралық брендтердің алты қонақүйі, гольф алаңы, әлемдік стандарттағы велнес-орталықтар, сан алуан мейрамханалар мен сауда орындары, сондай-ақ 3 000-нан астам брендтік резиденция орналасқан. Мұның бәрін мөлдір лагуналар мен ыңғайлы серуендеу жолдары жалғап жатыр. Тұрғындардың инфрақұрылым нысандары арасында еркін қатынауы үшін арнайы автобустар (шаттлдар), су жолдары мен гольф-карлар желісі үздіксіз қызмет көрсетеді.
Қалашықтың тағы бір басты артықшылығы – мұнда Таиландтағы ең ұзын әрі ең үлкен жеке жағажай клубы саналатын RAVA Beach Club бар. Банг Тао жағалауының ғажайып бөлігінде орналасқан клуб әлемдік деңгейдегі ойын-сауық пен демалыс орталығына айналған. Ал Laguna Phuket резиденцияларының иелері үшін RAVA арнайы жеңілдіктер мен айрықша мүмкіндіктер ұсынады.
Әрбір сатып алушыға арналған баспана
Laguna Phuket-тегі тұрғын үйлердің ауқымы өте кең. Мұнда Банг Тао жағажайының бойындағы премиум санаттағы сәулетті виллалар мен пентхаустардан бастап, бір және екі бөлмелі апартаменттер, таунхаустар мен кондоминиумдардың бай таңдауы ұсынылған.
Ал элиталық баспаналардың көш басында 16 эксклюзивті үйден тұратын Banyan Tree Beach Residences Oceanus жобасы тұр. Banyan Group дәл осы сегментте жоғары көрсеткіш тіркеді: эксклюзивті жағажайлық және брендтік резиденцияларға сұраныс соңғы жылда шамамен 900 пайызға артқан.
Жалпы Laguna Phuket-тен жылжымайтын мүлік сатып алушылар үшін екі түрлі модель қарастырылған: кейбір резиденциялар Banyan Group қонақүйлер желісіне кіреді және әлемдік деңгейдегі қонақүй бизнесі ретінде басқарылады. Олар, ең алдымен, жоғары табыс әкелетін инвестициялық мүлік ретінде тиімді.
Ал жаңа Bellaguna брендіне кіретін басқа резиденциялар қонақүй бағдарламасына мүлдем қатыспайды. Олар толықтай дербес баспана ретінде Banyan Group-тың кәсіби бақылауында болады, бірақ иелеріне ешқандай шектеу қойылмайды. Бұл нұсқа Banyan Group-тың жоғары деңгейлі қызметі мен жайлы инфрақұрылымын пайдалана отырып, өз үйінде оңаша әрі еркін тұрғысы келетін жандарға арналған. Екі таңдау да Laguna Phuket-тің ортақ мүмкіндіктерін толық пайдалануға жол ашады; мұнда тек әр сатып алушының инвестициялық табыс пен еркін өмір сүру арасындағы өз қалауы рөл атқарады.
Алаңсыз иелік ету мен қауіпсіздік
Laguna Phuket-тің тұрақты тұрғылықты жер ретінде тартымды болуының негізгі себебі – мұндағы күнделікті тұрмысқа қажетті бүкіл инфрақұрылымның тұрғындардың жайлылығы үшін ойластырылғандығында.
Кешен аумағында жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін жеке балабақша жұмыс істейді. Бұл мұндағы отбасылардың балаларына мектепке дейінгі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Ал үй иелері тұрмыстық мәселелерге бас қатырмайды. Үйді тазалау, техникалық күтім жасау және иелері келгенше бәрін дайындап қою сияқты шаруаның барлығын консьерж бен мүлікті басқару қызметі атқарады. Осының арқасында үй иелері екі аптаға немесе екі жылға кетсе де, қайтып оралған сәтте өз үйінің жылуын бірден сезінеді.
Резиденцияда өздері тұрмаған кезде табыс тапқысы келетін мүлік иелері үшін Banyan Group тобының Banyan Living жаңа мамандандырылған жалға беру платформасы қызмет көрсетеді. Бағдарламаға қатысу тегін. Ол қонақтарға жоғары деңгейлі қонақүй сервисін ұсына отырып, мүлік иелерінің табысын барынша арттыруға бағытталған.
Laguna Phuket-тен жылжымайтын мүлік сатып алған барлық адам Banyan Group компаниясының Sanctuary Club жаһандық адалдық бағдарламасына мүше болады. Бұл арқылы мүлік иелері топтың әлем бойынша орналасқан сәнді қонақүйлері, курорттары мен резиденциялары желісінде арнайы жеңілдіктер, арзандатылған тарифтер мен эксклюзивті мүмкіндіктерді пайдалана алады. Олар жұмыс бабымен сапарласа да, демалысқа шықса да, Пхукет аралынан тыс жерде де ерекше қолдау мен жоғары мәртебеге ие болады.
Laguna Phuket-тің қауіпсіздік жүйесі тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне толық кепілдік береді. Кешен аумағы тәулік бойы күзетіледі, кіріп-шығу қатаң бақыланады, сондай-ақ басқарушы компания өкілдері резиденция аумағында үздіксіз қызмет көрсетеді.
Banyan Group Residences – ең жаңа жобалар
Banyan Group Residences портфолиосында Laguna Phuket аумағында және оған іргелес заманауи Laguna Lakelands жаңа тұрғын үй кешенінде іске асырылу сатысында тұрған көптеген қызықты жобасы бар.
Тек Пхукеттің өзінде ғана компанияның осы уақытқа дейін іске асырған барлық жобасының жалпы нарықтық құны (GDV) – 1,3 млрд АҚШ доллары. Тағы 0,7 млрд АҚШ долларының жобалары құрылыс сатысында болса, ал болашақ жобалардан күтілетін жалпы табыс 4,5 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін.
2024 жылға дейін Laguna Phuket аумағында 3 000-ға жуық резиденция салынды, тағы 700 нысан қазіргі уақытта құрылыс сатысында тұр. Алдағы 5-10 жылда Laguna Phuket пен Laguna Lakelands аумағында тағы 15 000 нысан салу жоспарланған. Бұл – жалпы жоспарланған үйлердің тек 25 пайызға жуығы ғана бой көтерді немесе салынып жатыр дегенді білдіреді.
Banyan Group-тың жаңа қызықты жобалары
Пхукеттегі соңғы тұрғын үй жобаларына мыналар кіреді:
- Banyan Tree Beach Residences Oceanus
- Skypark Elara Lakelands Phuket
- Banyan Tree Beach Residences Varuna
- Laguna Lake Residences Aster
- Laguna Beach Residences Bayside
- Banyan Tree Beach Residences Sirena
- Banyan Tree Beach Residences Aegir
- Bellaguna Lake Residences Lotus
Banyan Tree Beach Residences Oceanus
Компания әлемге танымал Laguna Phuket-тегі жағажайға қол жетім жерде тұрған 16 ерекше резиденцияның барлық жағынан мінсіз болуын қамтамасыз ету үшін ешқандай қаражат аямаған.
Әрбір резиденцияның жалпы ауданы таңғаларлық 416 шаршы метрден басталып, пентхаустар үшін 768 шаршы метрге дейін жетеді.
Резиденцияларды әрлеуде ең жоғары сапалы материалдар мен озық стандарттар қолданылған. Мұнда тұру – әлемнің ең үздік жағажайының жағасында, теңдессіз сән-салтанат пен жайлылық құшағында өмір сүру деген сөз.
Пхукеттегі сәнді жылжымайтын мүлікке деген сұраныс үздіксіз артып келеді. Оның үстіне, дәл жағажайдың өзінде орналасқан мұндай учаскелер қазір тапшы. Сондықтан бұл резиденциялардың құны рекордтық көрсеткішке жетеді деп болжанып отыр.
Бірінші қабаттағы резиденциялардың жеке бассейндері кең террасамен астасып жатыр. Ал пентхаустардың орны бөлек: олардың кең қонақ бөлмесіндегі балкондарынан да, шатырдағы панорамалық террасаларынан да Таиландтың Андаман теңізіне ғажайып көрініс ашылады. Бұған қоса, шатырда жеке жүзу бассейні мен көз тартарлық сәндік тоғандар бар.
Кең жасыл террасалармен астасып жатқан теңдессіз қонақ бөлмелері, әр резиденциядағы екі үлкен жатын бөлмесі және кең әрі сәнді жуынатын бөлмелер – бұл үйлердің сансыз артықшылықтарының бір парасы ғана. Ал стильді заманауи интерьер дизайны жергілікті мәдени элементтермен үйлесіп-ақ тұр, бұл сәулетті де сәнді үйлерге өзіндік ерекшелік пен ерекше мекен аурасын сыйлайды.
- Резиденциялар саны: 16
- Типі: 4 жатын бөлмелі виллалар
- Ауданы: 416-786 шаршы метр
- Бағасы: 191 млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: нақтыланады
Skypark Elara Lakelands
Skypark Elara Lakelands – бұл Laguna Lakelands ауқымды тұжырымдамасы аясында жарияланған көптеген жобаның екіншісі. Лагунаға қарайтын тыныш аймақта орналасқан кешен тұрғындарға тропиктік өмірге жайлылық пен сән беретін әсем безендірілген сәнді кондоминиумдар ұсынады. Жобаның бірінші кезеңінде жеті қабатты Skypark Elara Lakelands кешенінің 220-ға жуық нысаны бар үш блогы сатуға шығарылады.
Skypark Elara Lakelands – бұл брендтің дамуындағы жаңа деңгейді көрсетеді. Алдыңғы жобалармен салыстырғанда, мұнда үйлердің ішкі жабдықталуы әлдеқайда сәнді әрі аумағы да кеңірек. Пәтерлер 1-3 жатын бөлмелі нұсқаларда ұсынылған, ал олардың ауданы 54 шаршы метрден 186 шаршы метрге дейін жетеді.
Skypark Elara Lakelands тұрғындары шатырдағы эксклюзивті демалыс аймағында еркін уақыт өткізе алады. Мұнда ғажайып панорама ашылатын брендтік инфинити-бассейн, барбекю аймағы бар кең ашық терраса, сондай-ақ орман мен тыныш лагуналарға қарайтын жайлы орындар мен жаяу жүруге арналған жолдар бар.
Skypark Residences – Banyan Group компаниясының заманауи өмір салтын айшықтайтын брендтерінің бірі. Ол әлемнің элиталық аймақтарында орналасқан тұрғын үй кешендерін ұсынады. Шатырдағы жайлы өмір мен көз тартарлық интерьер тұрғындарды бірден баурап алары сөзсіз.
- Резиденциялар саны: Бірінші кезеңде 220
- Типі: 1-3 жатын бөлмелі апартаменттер
- Ауданы: 54-186 шаршы метр
- Бағасы: 9,1 млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: нақтыланады
Banyan Tree Beach Residences Varuna
Banyan Tree Beach Residences Varuna – Laguna Phuket аумағында, тура Банг Тао жағажайының бойында орналасқан, бар-жоғы 8 таунхаустан тұратын эксклюзивті жоба. Бұл кешен Пхукеттің ең таңдаулы әрі сұранысқа ие жағалауынан брендтік резиденцияға ие болудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Жобаның сәулеті "жағалау биофилиясы" (Coastal Biophilia) концепциясына негізделген және әр резиденция табиғатпен үндесіп тұр. Ғимараттың иілген сызықтары толқын ырғағын еске түсірсе, торлы ағаш қаптамалар құмды шағылдар мен күн сәулесінің құбылуын елестетіп тұр.
Теңізге қараған панорамалық терезелерден Андаман теңізінің әдемі көрінісі ашылады. Ал күннің батуын тамашалау үшін әр үйдің шатырындағы жеке бассейн мен терраса батысқа қарай бағытталған.
Төрт жатын бөлмесі бар әрбір төрт қабатты таунхаус Оңтүстік Таиландтың дәстүрлі сәулет стилінде салынған. Негізгі қонақ және асхана бөлмелері жоғарғы қабатта орналасқан. Ондағы еденнен төбеге дейінгі панорамалық терезелер толықтай ашылып, теңіздің ғажайып көрінісін сыйлайды.
Барлық қабатты жеке лифт байланыстырады және әрбір таунхауста бірінші қабатта бағы бар терраса қарастырылған. Негізгі жатын бөлме (master suite) тұтас бір қабатты алып жатыр. Онда киім бөлмесі, оқу бөлмесі және ішкі аулаға шығатын жеке жуынатын бөлме бар. Үй толығымен премиум-санаттағы тұрмыстық техникамен жабдықталған.
- Таунхаус саны: 8
- Типі: 4 жатын бөлмелі
- Ауданы: 539-638 шаршы метр
- Бағасы: 136,4 млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: Нақтыланады
Laguna Lakeside Residences
Бұл жаңа аз қабатты эко-резиденциялар Laguna Phuket кешеніне кіреберісте, жайқалған ландшафтты бақтың ішінде орналасқан.
Сәнді заманауи стильде бой көтерген, бір, екі және үш жатын бөлмелі резиденциялардың терезелері көз тартарлық лагуналарға қарайды.
Шатырында панорамалық бассейндері бар бұл үйлер – Laguna Phuket кешенінде табиғатпен үндесе отырып, жайлы өмір сүрудің тиімді мүмкіндігін ұсынады.
Laguna Lakeside резиденциялары табиғат аясында өмір сүруді қалайтын, сонымен бірге Laguna Phuket сәнді курорттық қалашығының барлық мүмкіндігі мен артықшылығын пайдаланғысы келетін жаңа буынға арналған.
- Резиденциялар саны: 159
- Типтері: 1, 2 және 3 жатын бөлмелі апартаменттер
- Ауданы: 55-113 шаршы метр
- Бағасы: 12.xx млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: 2027 жылдың 4 тоқсаны
Laguna Beach Residences Bayside
Бұл – шатырында бассейні бар кең, бір, екі және үш жатын бөлмелі, аз қабатты заманауи апартаменттер мен сәнді пентхаустардың жаңа коллекциясы.
Нысандар бір-бірімен көз тартар су арнасы арқылы бөлінген әрі жаяу жүргіншілер көпірлері арқылы жалғасқан көршілес екі блокта орналасқан.
Заманауи интерьер мөлдір лагуна мен теңізді еске түсіретін көгілдір түстермен әрленген. Әр апартаменттің жасыл желекке оранған жеке террасасы бар. Бұл сәулетке ерекше көрік беріп, айналадағы табиғатпен мінсіз үйлеседі.
Террасалар мен кешен аумағы шатқал пішінін елестететін толқын тәрізді формада жасалған. Бұл жағажайдан бірнеше минуттық жерде тұрып-ақ, жунглидегі жұмбақ әлемде өмір сүріп жатқандай ерекше сезім сыйлайды. Тұрғындар үшін апартаменттердің алдындағы су арналарымен тоғысатын үлкен бассейн мен арнайы аквабар (swim-up bar) қарастырылған.
Түйіндеп айтқанда, Laguna Beach Residences Bayside – Laguna Phuket-тің жағажайға жақын ең элиталық аумағында белсенді, заманауи өмір сүру мүмкіндігін ұсынады.
- Апартаменттер мен пентхаустар саны: 237
- Типі: 1, 2 және 3 жатын бөлмелі апартаменттер мен пентхаустар
- Ауданы: 75-358 шаршы метр
- Бағасы: 30.xx млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: нақтыланады
Banyan Tree Beach Residences Sirena
Батысында Банг Тао жағажайының ұсақ ақ құмы мен Андаман теңізі, ал шығысында ну орманды таулар алып жатқан бұл сәулетті резиденциялар жағажайдан, теңіз бен жасыл желекке көмкерілген таулардан бірнеше қадам жерде орналасқан.
Sirena-дағы үйлердің кеңдігі мен заманауи дизайны мұнда толық оқшауланып, еркін демалуға, ал айналадағы дамыған инфрақұрылым аралдағы жайлы да сәнді өмірдің қызығын толық сезінуге мүмкіндік береді.
Sirena резиденцияларында теңізге көрініс ашылатын үш кең жатын бөлме бар, сондай-ақ үй иесінің жеке қалауын ескере отырып, әртүрлі жобалау нұсқалары қарастырылған. Барлық резиденцияда теңізге қарап демалатын жеке терраса мен бассейн бар.
Жоғарғы қабаттағы пентхаустарды жобалау кезінде тұрғындардың жеке бассейні мен террасасынан Андаман теңізіндегі күннің батуын 180 градустық ғажап панорамада тамашалай алуы ескерілген.
- Резиденциялар саны: 40
- Типі: 3 жатын бөлмелі апартаменттер мен пентхаустар
- Ауданы: 354-498 шаршы метр
- Бағалары: 82 млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: нақтыланады
Banyan Tree Beach Residences Aegir
Кең ашық кеңістіктерімен әрі заманауи дизайнымен көз тартар Banyan Tree Beach Residences Aegir-де өз-өзіңмен қалып, оңаша демалуға барлық жағдай жасалған. Ал батысқа қараған бұл резиденциялардың жоғарғы қабатынан кіргенде-ақ Андаман теңізіне әдемі көрініс ашылады.
Негізгі тұрғын аймағынан бірден кең террасаға шығуға болады. Мұнда абаттандырылған бақ ортасында орналасқан жеке бассейн, джакузи және демалыс аймағы бар. Бұл – айналадағы көркем табиғат көрінісін тамашалауға арналған жайлы орта.
Баспалдақпен төмен түссеңіз, отбасылық демалысқа арналған ортақ қонақ бөлмесі мен жуынатын бөлмелері бар төрт кең жатын бөлме орналасқан. Интерьердегі табиғи реңктер мен минималистік дизайн үй ішіне ерекше тыныштық сыйлайды.
Тұрғындардың қалауына қарай, бұл көпфункциялы бөлмені жеке үй кинотеатрына, балалардың ойын бөлмесіне немесе армандағы үй офисіне айналдыруға болады.
- Резиденция саны: 10
- Типі: 4 жатын бөлмелі вилла (792 шаршы метр)
- Бағасы: 265 млн тай батынан басталады
- Пайдалануға берілу мерзімі: нақтыланады
Bellaguna Lake Residences Lotus
Жаңа Bellaguna брендінің алғашқы жобасы – Bellaguna Lake Residences – Lotus. Бұл – Банг Тао жағажайынан бірнеше қадам жерде, Laguna Phuket ішіндегі мөлдір көл жағасында орналасқан сәнді заманауи кешен.
Бес зәулім ғимараттың сәулеті заманауи яхталар мен су толқынының пішінінде жасалған, әрі бұл жерден лагуна мен теңізге панорамалық көрініс ашылады.
Толқын тәріздес қою түсті қасбеттері құбылмалы күн сәулесімен шағылысып тұрады, ал интерьер жылы да жайлы реңкке толы. Кең террасалар мен балкондар көл жағасындағы табиғатпен үйлесіп, ерекше сән беріп тұр.
Мұнда 1-3 жатын бөлмелі кондоминиумдар, сондай-ақ шатырында жеке бассейні бар екі және үш жатын бөлмелі пентхаустар ұсынылады.
Әр ғимараттың шатырында жеке шатырлары (кабаналары) бар бассейндер, жасыл бақтың ішінде тыныш демалыс орындары, балалар ойнайтын аймақтар және Laguna Phuket паромдарына тікелей апаратын серуендеу аллеясы мен айлақ бар.
- Резиденция саны: Нақтыланады
- Типі мен ауданы: 1-3 жатын бөлмелі кондоминиумдар және 2-3 жатын бөлмелі пентхаустар (58-353 шаршы метр)
- Бағасы: 16.xx млн тай батынан басталады
- Аяқталу мерзімі: нақтыланады
Кеңею және ұзақ мерзімді даму
Брендтік резиденциялар көлемі бойынша әлемде бесінші, ал Азияда бірінші орын алатын Banyan Group компаниясы алдағы жылдары Пхукетте құны шамамен 1 миллиард АҚШ доллары болатын жаңа тұрғын үй жобаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Азиядағы беделді девелоперлердің бірі тарапынан жасалған мұндай ауқымды инвестиция – Пхукеттің тартымдылығы мен болашағына деген берік сенімнің айқын дәлелі.
Анықтама
Banyan Group туралы
Banyan Group ("Banyan Tree Holdings Limited" немесе "Топ" — SGX: B58) – қонақүй бизнесінде айқын мақсаты бар тәуелсіз халықаралық компания. Компания жұмысында жаңашыл шешімдерге, бірегей дизайнға және жауапты басқару ұстанымдарына басымдық береді. Компанияның еншісінде 20-дан астам елдегі 100-ден астам қонақүй мен курорт, 140-тан астам спа-салон мен галерея, сондай-ақ 20-дан астам брендтік резиденция бар. Топ құрамына 12 халықаралық бренд кіреді, олардың ішіндегі бастысы – Banyan Tree. Бұл брендтердің бәрін қонақтарға арналған ортақ мүшелік бағдарламасы біріктіреді. Компанияның басты ұраны – "Қоршаған ортаға қамқорлық, адамдарға мүмкіндік". Бұл ұстаным Banyan Global Foundation қоры мен Banyan Management Academy академиясының жұмысынан көрінеді. Banyan Group қонақтарға көрсететін қызмет сапасын арттыратын инновациялық бағдарламалар мен регенеративті туризмге басымдық бере отырып, тұрақты туризмнің жетекші қолдаушысы болуға ұмтылады.
Banyan Group Residences туралы
Banyan Group Residences – Таиланд пен Сингапурдың қор биржаларында акциялары саудалантын, қонақүй бизнесінің көшбасшысы Banyan Group-тың жылжымайтын мүлік жобаларымен айналысатын бөлімшесі.
Құрылыс саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар және әртүрлі өмір салты мен бюджетке арналған тұрғын үй брендтерінің бай портфеліне ие бұл компания – Таиландтағы элиталық жылжымайтын мүліктің жетекші девелопері.
Топтың атақты "Banyan Tree Phuket" курортымен қатар, негізгі тұрғын үй брендтерінің қатарында флагмандық сәнді Banyan Tree Residences, сондай-ақ Angsana Residences, Dhawa Residences, Garrya Residences, Laguna Residences, Cassia Residences, Skypark және жаңа Laguna Lakelands жобасы бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/family/household/2428176-phukettegi-oz-zhumagyngyz-laguna-phuket-developerlik-zhobalary-nesimen-tartymdy/
