jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Психологтар кеңесі: Ешкімге айтылмауы тиіс бес құпияны білесіз бе

    : Facebook

    Адамның ашық-жарқын болғаны жақсы. Дегенмен мінезім ашық деп барлық нәрсені айта беруге болмайды. Кез келген жанның өмірінде ешқашан жарияланбауы тиіс құпиялар бар.

    KAZ.NUR.KZ

    порталы Сок медиа-ға сілтеме жасап мына бес дүниені ешкімге айтпауға кеңес береді.

    Көрнекі фото: pixabay.com
    Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

    Интимді өмір

    Өзіңіздің төсек қатынасыңыз туралы кез келген ортада айтып отыру - үлкен қателік. Күйеуіңізбен ғана талқыланатын мәселені көпшілікке баяндап беру - сіздің сексуалды, бақытты, жолдасыңызға көңілі толатын жан екеніңізді білдірмейді. Елге ағымнан жарыламын деп жүріп, беделіңізге нұқсан келтіріп алмаңыз!

    Өсек-аяң

    Өсекті көп айтатын жандардан айналасындағылар қашып жүреді. Көпшілік оларды өзгенің ісіне араласқыш деп есептеп, сырын айтпауға тырысады. Есіңізде ұстаңыз, өсек тасығанды жанындай сүйетіндердің абыройы ел алдында төмен болмақ.

    Болашаққа құрған жоспарлар

    Өзіңіздің жоспарыңызды өзгеге айтсаңыз, орындалмай қалуы мүмкін деген сенім барын білетін боларсыз. Оған мән бермесеңіз де, шынымен де жоспарыңызды ешкімге айтпау керектігін жадыңызда сақтаңыз. Айналаңызға барлық мақсатыңызды айта берсеңіз, сіз істен гөрі сөздің адамы болып кетуіңіз мүмкін.

    Айлық табысыңыз

    Өзге адамдардың жалақысын сұрау - әдептілікке жатпайды. Ал өзіңіздің табысыңыз турлы айту - мүлдем дұрыс емес. Мұндай тақырыпты ең жақын адамыңыз болмаса, кез келгеніне айта бермеңіз.

    Ішкі жан дүние

    Бұл жерде әңгіме тек дін туралы ғана емес. Өзіңізді дамытатын тренингтер, медиатациялар, курстар - бұл тақырып әңгімелесушіңізге қызықты болса ғана баяндаңыз. Ал егер оған қызықсыз болса, үндемей-ақ қойғаныңыз абзал.

    Психологтар кеңесі: Ешкімге айтылмауы тиіс бес құпияны білесіз бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.