jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Басқаға тәуелді болады": Сарапшылар TikTok-тың бала психолгиясын бұзатынын айтып, дабыл қақты

    Мамандар Тик-Токтың зиянын айтты
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    TikTok-қа тоқтау болмай тұр. Онда жартылай жалаңаш қыздар камера алдында билеп, жігіттер ерсі қылықтарымен елдің есін шығарады, деп хабарлайды Астана арнасы.

    Ал әлі оң-солын білмейтін бала оларды қайталап, торға қалай түскенін байқамай қалады. Психолог Мөлдір Болатқызы тик-ток – баланың психологиясын бұзып қана қоймай, басқаның пікіріне тәуелді етеді дейді.

    Оның айтуынша, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейтін жеткіншек үшін бұл желі жеңіл өмір сүруді үйрететін орта.

    "Адами нормаларға сәйкес келмейтін нәрселерді норма ретінде көрсетеді. Мысалы, жеуге болмайтын нәрселерді жеп, қиюға болмайтын нәрселерді қиып тастау деген сияқты... Құндылықтарды жойып жатыр басқа біреудің лүпіл басуына, басқа біреулердің пікіріне тәуелді болады", - дейді психолог.

    Сарапшылар да тик-токтың зияны көп дейді. Балалық шақ институтының мүшесі Алия Нидің айтуынша, баланың ойлау жүйесі нашарлайды.

    "Тик-ток - баланың ойлау жүйесіне, дамуына кері әсерін тигізеді. Баланың қиялын, бойындағы ерекше қасиеттерін, даналығын жойып тастауы да мүмкін. Сондықтан әр ата-ана өз баласын үнемі қадағалау керек. Не көреді, қызығушылығы қандай, бәрінен хабары болуы керек", - дейді Алия Ни.

    А. Задабек

    "Басқаға тәуелді болады": Сарапшылар TikTok-тың бала психолгиясын бұзатынын айтып, дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.