jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    Некені қалай сақтап қалуға болады: Психотерапевт сөзі жараспаған ерлі-зайыптыларға оғаш кеңес ұсынды

    Ренжісіп қалған ерлі-зайыптылар
    Ерлі-зайыптылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Психотерапевт Сьюзан Пис Гадуа ерлі-зайыптылардың уақытша бөлек тұруы некені сақтап қалудың бір жолы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Psychology Today басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Пис Гадуаның айтуынша, қарым-қатынаста суықтық пайда болған кезде қос ғашық не айырылысып тынады, не қарым-қатынасты жақсарту үшін жұмыла күш жұмсайды. Психотерапевт бұл орайда мәселеге басқа қырынан қарап, некені сақтап қалудың өзгеше әдісін қолданып көруді ұсынды. Нақтырақ айтқанда, маман ажырасуға шақ қалған ерлі-зайыптыларға уақытша бір-бірінен алшақтап, бөлек тұрып көру қажет деген пікірде.

    "Мен жағдайды жақсарту үшін уақытша бөлек тұруды ұсынамын. Бұл, шын мәнінде, тайм-аут, құрдымға кетіп жатқан қарым-қатынасты сырттан бақылауға мүмкіндік береді. Осылайша қос ғашық бөлек кетсе, нені жоғалтып алатынын түсіне алады", - дейді Сьюзан Пис Гадуа.

    Маман бұл әдіс барынша ой елегінен өткізілген шешім қабылдауға жағдай жасайтынын алға тартты.

    "Егер уақытша бөлек кеткеннен кейін қос ғашық қайта қосылуға шешім қабылдаса, бұл олардың шынымен қарым-қатынасты сақтағысы келетінін аңдатады. Егер олар сол күйі бөлек кетуге шешім қабылдаса, онда олар бұл шешімге эмоцияға ерік беру себебінен емес, бәрін таразылай келе келді деген сөз", - деп түсіндірді психотерапевт.

    Пис Гадуа өзгелердің пікіріне мән бермей, өз қалауыңызбен өмір сүрген дұрыс деп санайды. Оның ойынша, бұл - бақытты отбасылық өмірдің кілті. Психотерапевт некесі бұзулыуға шақ қалған ерлі-зайыптыларға ажырасуға өтініш берместен бұрын некелерін сақтап қалудың барлық тәсілін қолданып көру қажет екенін айтты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.