jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Өзін ардақтау емес, қорлау": ҚМДБ квадроберлерге қатысты шариғат үкімін жариялады

    Квадроберлер
    Квадроберлер. Иллюстратиялық фото: Sergii Kolesnikov / Getty Images

    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы кезде қоғамда белең алған "Квадробикаға" қатысты шариғат үкімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚМДБ Ғұламалар кеңесі квадроберлер әрекеті шариғатқа қайшы келеді деп тапқан.

    "Квадробер – бұл жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер.

    Алла Тағала адам баласына ақыл мен сана беріп, ардақтап, басқа жаратылыстан ерекшелеп, ең көркем бейнеде жаратты. Алла Тағала Құранда:

    "Біз Адам балаларын ардақты етіп, құрлықта да, теңізде де (емін-еркін) жүргіздік. Һәм таза (адал) азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқан нәрселеріміздің көбінен әлдеқайда үстем еттік", - деген. Келесі аятта:

    "Шын мәнінде, біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық",  – деген.

    Демек, бұл аяттардан түсінетініміз, адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзі шариғатымызда тыйым салынған.

    Сондықтан жануарларға тән сипаттарға (ит сияқты үру, есек сияқты ақыру т.с.с.) әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады.

    Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б "квадробердің", яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды.  

    Шешім:

    Квадроберге, яғни жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға шариғат бойынша қатаң тыйым салынады", - делінген ҚМДБ жариялымында.   

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін квадробер деген кім және бұл тренд қалай пайда болғанын жазған едік.

    "Өзін ардақтау емес, қорлау": ҚМДБ квадроберлерге қатысты шариғат үкімін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.