jitsu gif branding logo appbranding logo app
Отбасы

    Жұбайлар арасындағы жақындықты арттыру тәсілі анықталды

    Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет
    Қол ұстасқан жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ғалымдар ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын нығайтудың қарапайым әрі тиімді әдісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

    Зерттеу нәтижесі бойынша, көпшілік алдында мейірім көрсету — құшақтасу, қол ұстасу ерлі-зайыптылар арасындағы жақындықты арттырып, некеге қанағаттану деңгейін көтереді.

    Бұл туралы PLOS One ғылыми журналында жарияланған халықаралық зерттеуде айтылған. Польша, Индонезия және Непал елдерінен 450-ден астам адам қатысқан зерттеуді Силез университетінің ғалымдары жүргізген.

    Нәтижесінде қоғамдық ортада жиі мейірім танытатын жұптар арасында эмоциялық жақындық жоғары, күйзеліс деңгейі төмен болатыны әрі өздерін бақытты сезінетіні анықталған.

    Мамандардың айтуынша, мұндай қарапайым әрекеттер тек романтикалық байланысты күшейтіп қоймай, әр адамның психоэмоциялық жағдайына оң әсер етеді. Бұл әсіресе қоғамдық орындарда физикалық жақындықты көрсету әдетке айналмаған мәдениет өкілдері үшін маңызды фактор саналады.

    Сондай-ақ бұған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, жұптардың ортақ қаржылық ресурстары да соған мысал бола алады. Яғни бірлескен банктік шоттар — қарым-қатынас тұрақтылығына оң ықпал етеді.

    Ал мейірімнің жетіспеуі, әсіресе ер адамдар үшін некедегі басты реніш себептерінің бірі болуы мүмкін.

    Ғалымдар құшақтасу мен жақын физикалық байланыс денсаулыққа да пайдалы екенін бұған дейін де айтқан.

    Зерттеулерге сүйенсек, қысқа уақыт құшақтың өзі стресс гормоны — кортизол деңгейін төмендетіп, қан қысымын тұрақтандырып, көңіл күйді көтеруге көмектеседі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.