Адам өмірінде қанша рет құлай ғашық бола алады: психологтар зерттеуі
Жарияланған күні:
Махаббат пен ғашықтық психологияда көптеген зерттеуге арқау болып жатады. Мысалы, жақында жүргізілген зерттеу нәтижесінде адамдар өмірінде қанша рет құлай ғашық болатыны анықталды. Бұл туралы naked-science.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Америка Құрама Штаттарындағы Кинси институтының зерттеушілері адамдар өмірінде қанша рет құлай ғашық болатынын анықтамақ болып, зерттеу жүргізді. Ауқымды зерттеудің нәтижелері Interpersona: An International Journal on Personal Relationships халықаралық журналында жарияланды.
Авторлар Америка Құрама Штаттарының түкпір-түкпірінде тұратын 18 жастан бастап, 99 жасқа дейінгі 10 036 жалғызбасты ересек адамнан сауалнама алды.
Сауалнамаға қатысушылардың 14 пайызы (өздерінің түсінігі бойынша) ешқашан құлай ғашық болмағанын айтқан. Ал 28 пайызы қатты ғашық болу сезімін бір рет, 30 пайызы екі рет, 17 пайызы үш рет және 11 пайызы үш реттен көп бастан кешірген. Сауалнамаға қатысушылар орта есеппен өмірлерінде 2,05 рет құлай ғашық болған.
Алынған деректерге сәйкес, ер адамдар арасында құлай ғашық болу жағдайы әйелдерге қарағанда сәл көбірек болған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/family/psychology/2354994-adam-omirinde-qansha-ret-qulai-gashyq-bola-alady-psihologtar-zertteui/