jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)

    : UGC

    ОҚО-ның Қара­­төбе ауылының тұрғыны қардан бойы 2 метрдей болатын қораз ескерткіш тұрғызып қойды деп жазады Замана басылымы.

    Ескерткішті аталған ауылдағы Досымхан Молдабеков есімді азамат тұрғызған. Алғашында ол алып аққала жасамақ болған екен, кейін тауық жылының құрметіне қоразға ескерткіш орнатуды ұйғарыпты.

    "30-желтоқсан күні сыныптастар бас қосқан едік. Сонда биылғы жыл иесіне қатысты әңгіме болды да, қораздың ескерткішін жасауды шештім. Оған керекті материал жетеді, яғни қар мол жауып, оның үстіне боран болып, ауланы көміп қалған. Бәрібір де оны күреп, жол ашуымыз керек.

    Содан ертеңіне бала-шағамызбен іске кірісіп кеттік. Күн суық болғандықтан қар бірікпей біраз әуреледі, сондықтан оған аздап су шашып отырдық. Қораз бен екі балапанның ескерткішін түнге дейін жасап бітірдік", - дейді Досымхан.

    Досымхан алып ескерткіш-қораздың айдарына қырқылған фанер пайдаланыпты, оның сыртын пияздың қызыл түсті торлы «сеткасымен» қаптапты. Сырғалығын пластмасс тәрелкемен, көздерін майсыз бояумен жасапты, қанаттарын еденге қолданылатын сырмен әсемдепті.

    Ал қораздың құйрығын жасауға анасының түрлі-түсті ескі белдемшесін қолданыпты.

    Тағы оқыңыздар:

    Желі қолданушысы: Қамалған шенеуніктерді ауылдағы 50 мың теңгелік жұмысқа жегу керек

    Жарты әлемнің байлығына ие болып отырған дәулетті кәсіпкерлер кімдер?

    Универсиадада жеңген спортшылар 5 млн теңгеге жуық сыйақы алады

    Ақтөбеде қылмыс әлемінің серкесі тергеу абақтысынан босатылды

    Қазақстан кинотеатрларында билет бағасы қымбаттауы мүмкін

    ОҚО тұрғыны тауық жылының құрметіне қоразға алып ескерткіш тұрғызып қойды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.