jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әлемдегі ең алғашқы тоғыз суретті білесіз бе

    : UGC

    Шамамен 200 жыл бұрын Джозеф Нисфор Ниепсе есімді француз металл табаққа жұқа асфальт қабатын жағып, оны обскура камерасына шығарған. Осылайша ол әлемдегі алғашқы «көрініс» жасап шықты. Сурет сапалы емес еді, бірақ осы кезден фотография тарихы бастау алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Осыдан 30-40 жыл бұрын фотосуреттердің, фильмдердің, телебағдарламалардың едәуір бөлігі қара-ақ түсті болды. Көбісі түрлі түсті фотосуреттің біз ойлағаннан да әлдеқайда ертерек пайда болғанын түсінбейді. 1861 жылы 17 мамырда әйгілі ағылшын физигі Джеймс Максвелл Лондонның Корольдік институтында түсті көзбен көрудің ерекшелігі тақырыбындағы дәріс барысында әлемдегі алғашқы түсті фотосуретті – «Шотланд бауын» көрсетті.

    Содан бері фотография қара-ақ түстен түрлі түстіге ауысудан басқа көптеген түрге бөліне бастады: әуе мен ғарыштық фотографиясы, фотомонтаж және рентген, автопортрет, су астындағы фото және 3D фотографиялар пайда болды.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Ең алғашқы және көне сурет

    Француз фотографы Жозеф Нисефор Ньепс бұл суретті сегіз сағаттық ұстап тұру жылдамдығын пайдаланып түсірді. Ол «Терезеден қарағандағы Le Gras» деп аталады және соңғы жылдары Остиндегі Техас университетіндегі Harry Ransom Humanities Research Center-де қойылды.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Басқа адамның ең алғашқы фотосуреті

    Луис Дагерер 1838 жылы өзге адамның суретін түсірді. Boulevard du Temple фотосуреттің сол жақ төменгі бөлігіндегі бір адамды қоспағанда (үлкейту кезінде көрінеді), бос тұрған көше бейнеленген (түсірілім жылдамдығы 10 минут, сондықтан көлік қозғалысы мүмкін емес).

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Алғашқы фотомонтаж

    1858 жылы Генри Пич Робинсон алғашқы фотомонтажды жасады, бірнеше негативті бір кескінде ұштастыра білді.

    Бірінші және ең танымал біріктірілген фотосурет Fading Away деп аталды – ол бес негативтен тұрады. Қыздың туберкулезден қайтыс болуын бейнелейді. Жұмыс көптеген қарама-қайшылық тудырды.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Алғашқы түрлі түсті фотосурет

    Шотландия математигі және теориялық физик Джеймс Клерк Максвелл өзінің алғашқы түрлі түсті фотосуретін 1861 жылы шығарды. Бұл процесте пайдаланылған фотосурет тақталары қазір Эдинбургтегі Индиа-стрит 14-ші Максвелл дүниеге келген үйде (қазіргі кезде музей) сақтаулы.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Алғашқы автопортрет

    Әйгілі америкалық фотограф Мэттью Брэди бірінші болып суретке өз-өзін түсірген адам болды, яғни автопортретін жасады.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Әуеден түсірілген алғашқы фото

    Алғашқы әуе фотографтары құстар болды. 1903 жылы Юлиус Нойброннер камера мен таймерді қосып, оны көгершіннің мойнына байлайды. Бұл әдісті неміс армиясы да әскери барлау кезінде пайдалана бастады.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Су астынан түсірілген алғашқы түрлі түсті фотосурет

    Су астындағы алғашқы суретті Мексика шығанағында доктор Уильям Лонгли және National Geographic қызметкерлерінің фотографы Чарльз Мартин 1926 жылы түсірген.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Ғарыштан түсірілген алғашқы фото

    1946 жылы 24 қазанда V-2 зымыранына орнатылған 35 миллиметрлік камера Жерден 105 км биіктікте суретке түсірді.

    Әлемдегі ең алғашқы 9 фото
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Жердің ең алғашқы анық фотосы

    Толығымен Жер анық бейнеленген алғашқы фотосурет The Blue Marble деп аталады. Суретті 1972 жылғы 7 желтоқсанда «Аполлон 17» ғарыш кемесінің экипажы түсірген.

    Бұған дейін кезінде көпшілік көзайымына айналған үнді актерлары қазір қайда жүргенін жазған болатынбыз.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Әлемдегі ең алғашқы тоғыз суретті білесіз бе

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.