jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Соғыс бояулары: 80 жыл бұрынғы суреттердің түрлі-түсті нұсқасы жария болды

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    1940 жылдары түсірілген суреттердің түрлі түске боялған нұсқасы әлем жұртшылығының назарына ұсынылды деп жазады fishki.net.

    Екінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеңіндегі түрлі-түсті кадрлардың басым бөлігін немістер Agfacolor пленкасына түсірген.

    Соғыстан кейінгі жылдары америкалықтар сатып алған және бүгінде Life журналының мұрағатында сақталған Хуго Йегердің фотосуреті жақсы сақталынуының арқасында бізге дейін сол қалпында жетіп отыр.

    Тарихқа көз жүгіртсек, 1940 жылы 10 мамырда неміс әскерлері Нидерланд елі мен Бельгияға шабуыл жасаған болатын.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Неміс әскерлері Голландияға кірді, 1940 жыл, мамыр, фотограф: Хуго Йегер.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    14 мамырда немістер Роттердамды бомбалап, оның күл-талқанын шығарады.

    1940 жылы 5-9 маусымда неміс әскерлері француздардың шебін бұзып, содан кейін Парижге қарсы шешуші шабуыл жасайды.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Ақ ту көтерген француз әскерилері, 1940 жыл, маусым.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Францияның астанасы 14 маусымда соғыссыз беріліп, 1940 жылы 23 маусымда немістер тобы келді. Олардың Елисей және Монмартр алаңдарын аралаған сәті. Фотограф: Хуго Йегер.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    1940 жылы 21 маусымда француздар капитуляцияға ​​қол қою үшін Компьенге келді.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Британдық зениттік батарея Люфтваффтағы түнгі әуе шабуылына тойтарыс беруде, 1940 жыл.

    Корольдік Әуе күштері мен Әуе қорғанысының барынша қарсылық көрсетуіне қарамастан, немістер Лондонның көп бөлігін қиратып тастады.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Қираған қаланың келбеті 45-ші жылдардағы Дрезденге ұқсайды.

    1940 жылдың жазының ыстық күндері мен түндерін суретке түсірген фотограф Уильям Вандиверт Ұлыбританияның әуе шабуылдарынан кейінгі сәттерін де көрсеткен.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    Оның фотоларының бірінен Лондон көшелерінің әуе бомбасынан кейінгі жантүршігерлік жағдайын көруге болады.

    Соғыс
    Фото: fishki.net

    1940 жыл, Лондон маңындағы коттедждердің бірі күл-талқан болған сәт.

    Соғыс бояулары: 80 жыл бұрынғы суреттердің түрлі-түсті нұсқасы жария болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.