jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

    Несіпбек Айтұлы
    Несіпбек Айтұлы. Фото: Facebook/Несіпбек Айтұлы

    Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 73 жасында өмірден озды. Бұл туралы айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ақын Дәулеткерей Кәпұлы қаралы хабарды Facebook парақшасы арқылы жеткізді.

    "Қош, Несағам. Қазақ поэзиясының бәйтерегі құлады", - делінген жазбада.

    Белгілі қазақ ақыны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 12 жасында ата-анасымен бірге атамекеніне оралады. Орта мектепті бұрынғы Семей облысына қарасты Баршатас ауылында оқыған.

    Кейін 1983-1984 жылдары "Жалын" баспасында редактор міндетін атқарды. Содан кейін 10 жыл аралықта Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, "Ақын" қауымдастығының директоры болып қызмет етті.

    Несіпбек Айтұлы "Алғашқы жол", "Көктем тынысы", "Уақыт жаңғырығы", "Әке туралы сыр" және басқа да кітаптардың авторы.

    Несіпбек Айтұлы 1997 жылдан 2001 жылға дейін "Қазақ әдебиеті" газетінде сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал 2001 жылдан бастап Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет атқарды. Соңғы жылдары "Алтын тамыр" журналының бас редакторы болып жүрді.

    Несіпбек Айтұлы Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл мен Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтардың иегері, "Парасат" орденімен марапатталған. Аягөз және Тарбағатай аудандарының құрметті азаматы болған.

    Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден озды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.