jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Талдықорғанда сақ дәуірінің алтын сырғасы мен әшекей бұйымдары табылды

    Қорымда зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар
    Қорымда зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар. Видеодан кадр: 24.kz

    Жетісуда алтыннан жасалған әшекейлер табылды. Құнды дүниелер Дауылбайдағы патшалық қорымнан анықталған. Бұл туралы 24.KZ хабарлайды.

    Аталған аймақты зерттеу облыстық әкімдіктің қаржыландыруымен былтыр басталды.

    Ғалымдар 11 обаның біреуін қазып, оның тоналғанын анықтаған. Соған қарамастан алтын жалатылған асатаяқ табылды. Ал биыл нөмірі бесінші обадан көне жәдігерлер қазып алынды. Анасы мен баласы жерленген бейіттің құрылымы ерекше.

    "Шыққан дүниелер өте құнды. Оның ішінде сырғалар алтын, қоңыраушалар сопақша келген, және шашқа қадайтын қола түйрегіші бар, сонымен қатар бірнеше моншағы бар. Біз енді алдын ала болжам бойынша б.з.д. IV-V ғасырлар деп межелеп отырмыз. Оның анық уақытын зерттеу жұмыстары көрсетеді", - деді археологиялық экспедиция жетекшісі Хамит Айтқұл.

    Адам қаңқасы 3,5 метр тереңге көміліп, үстіне тас қаланып, қарағаймен жабылған. Ғалымдардың сөзінше, күрделі конструкцияның тоналмау себебі де осы болса керек. Енді алынған артефактілер жіті зерттелмек.

    "Археологиялық зерттеулер бойынша конференция берейін деп жатырмыз. Сол конференцияда жаңағы табылған дүниелердің бәрін көрсетіп, сол дүниелердің бәрін облыстық Тынышбаев атындағы музейге тапсырсақ па деген жоспар бар", - деді Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.