"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы алғаш рет математикке берілді
Жарияланған күні:

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені алғаш рет белгілі математик Асқар Жұмаділдаевқа берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды", - делінген президент жарлығында.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені Алматы қаласы, "№4 арнайы мектеп-интернат" КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы, "Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;
Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, "Шахтерское" ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/family/school/2177756-algash-ret-qazaqstannyng-engbek-eri-atagy-matematik-asqar-zhumadildaevqa-berildi/