jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды (видео)

    Сібірде табылған жолбарыс күшігінің сүйегі
    Сібірде табылған жолбарыс күшігінің сүйегі. Сюжеттен кадр: 24.kz

    Сібірде қазба жұмыстары кезінде семсер тісті жолбарыс күшігінің жақсы сақталған қалдықтары табылды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

    Археологтардың пайымдауынша, ол 37 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Оның басы мен алдыңғы аяқтары жақсы сақталған.

    Жануар қазіргі жолбарыстардан ірілеу болған. Әсіресе мойыны қалыңдау.

    Негізі мұз дәуірінде семсер тісті жолбарыстар Еуразия, Африка мен Америкада тіршілік еткен. Осы күнге дейінгі қалдықтардың көбі Солтүстік Америка аумағынан табылған.

    Ғалымдардың айтуынша, археологтардың бұл олжасы еуразиялық жыртқыштарға қатысты көп жаңа мәлімет беруі тиіс.

    Айта кетейік, Талдықорғанда сақ дәуірінің алтын сырғасы мен әшекей бұйымдары табылды.

    Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.