jitsu gif
Отбасы

    4 және 9 сынып оқушыларына бітіру кешін ұйымдастыруға қатысты Оқу-ағарту министрлігінің ұстанымы белгілі болды

    Қоңырау ұстаған оқушы
    Қоңырау ұстаған оқушы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 4-ші және 9-сынып оқушыларының бітіру кешін жасауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистер "23 мамырда, сынып сағатынан кейін оқушыларға кинотеатрға немесе мұғалімдермен табиғатқа серуенге шығуға бола ма" деген сұрақ қойды.

    "Біз бірінші кезекте қауіпсіздік пен ақша жинамау туралы айтып отырмыз. Егер бұл заңға қайшы келмесе, әсіресе балаларды тасымалдау шарасында - қауіпсіздік ережелері сақталуы керек.

    Мектеп директорының бұйрығы болса және балаларға қатысты барлық қауіпсіздік шарасы сақталса, әрине, шығуына болады. "Бірақ жай шығып кете салуға, әрине, тыйым салынады", - деді Ғани Бейсембаев.

    Оның айтуынша, ұйымдастырылған саяхат кезінде балаларды патрульдік полиция қызметкерлері алып жүруі керек.

    "Балаларды автобусқа отырғызып, апара салуға болмайды. Ережелер бар, егер балалар қандай да бір іс-шараға ұйымдасқан түрде барса, оларды полиция алып жүруі керек", - деп түсіндірді ол.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.