jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада мектеп оқушыларының бір бөлігі бүгін қашықтан оқиды

    Оқушы
    Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Астанада сәрсенбі, 17 желтоқсанда бірінші ауысымдағы оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқиды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, мұндай шешімге ауа райының нашарлауы себеп болып отыр.

    "2025 жылғы 17 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.

    Айта кетсек, "Қазгидромет" бұған дейін сәрсенбі елордада қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болатынын хабарлаған болатын. Жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада дауыл тұратыны ескертілді.

    Астанада мектеп оқушыларының бір бөлігі бүгін қашықтан оқиды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.