jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мақсатына жеткен жоқ": бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ жүйесі жойылуы мүмкін

    Сынып ішіндегі оқушылар
    Оқушылар. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова палатаның бірлескен отырысы өтіп жатқан парламент кулуарында Қазақстан мектептерінде БЖБ және ТЖБ жүйесіне қатысты қандай шешім қабылданатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептеріндегі бастауыш сыныптарда БЖБ және ТЖБ жойылатынын айтты.

    "Қазір БЖБ мен ТЖБ-ны сату жағдайлары анықталып жатыр. Бұл мәселе заңды түрде қарауды қажет етеді, бірақ критерийлерге негізделген бағалау енгізілген көптеген дамыған елдерде БЖБ мен ТЖБ бастауыш сыныптарда мүлдем қолданылған жоқ.

    Сондықтан қазір Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы критерийлік бағалауды БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау мәселесін талқылап жатыр", - деді ол.

    Ведомство басшысы Қазақстан мектептерінде критерийлік бағалауды енгізу мүмкіндігі Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне жатпайтынын мәлімдеді.

    "Қазір біз 2016 жылы енгізілген критерийлерге негізделген бағалау стандарттары өз мақсатына жете алмағанын көріп отырмыз. Ата-аналар мен мұғалімдер қауымдастығының критерийлерге негізделген бағалауды ұйымдастыру мен енгізуге қатысты теріс реакциясын байқап отырмыз", - деді Сүлейменова.

    Министр бұл мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатқанын және соңғы шешім кейінірек жарияланатынын айтты.

    Алайда оқу-ағарту министрі білімді бағалаудың бес балдық жүйесі де ескіргенін атап өтті.

    "Мақсатына жеткен жоқ": бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ жүйесі жойылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram