jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Мектеп рюкзагын қалай таңдау керек: Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы

    Рюкзак ұстаған оқушы
    Рюкзак ұстаған оқушы. Көрнекі сурет: pexels.com

    Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға мектеп рюкзагының ішіне оқулықтар, дәптерлер және басқа да оқу құралдары салынғаннан кейін оның қаншалықты ауырлайтынын тексеру ұсынылып отыр. Негізгі бағдар: толық жиналған рюзактың салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауға тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп рюзагын таңдау кезінде назар аударуы қажет негізгі талаптарды еске салды. Рюзактың әдемі дизайны мен сыйымдылығы – жалғыз өлшем емес. Оның жеңіл болуы, баланың бойына сәйкес келуі, арқасына ыңғайлы орналасуы және иығына артық салмақ түсірмеуі маңызды.

    Мектеп рюкзагының салмағы қанша болуы керек

    Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен белгіленген талаптарға сәйкес, оқу құралдарының ұсынылатын салмағы оқушының жасына байланысты:

    • 1–3 сынып оқушылары үшін – 2 килограмға дейін;
    • 4–5 сынып оқушылары үшін – 2,5 килограмға дейін;
    • 6–7 сынып оқушылары үшін – 3,5 килограмға дейін;
    • 8–11 сынып оқушылары үшін – 4,5 килограмға дейін.

    Бұл нормалар күнделікті оқу жиынтығының салмағына қатысты және рюкзагтың өзінің салмағын қамтымайды. Сонымен қатар мамандар оқулықтар мен оқу құралдарын қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспауын ұсынады. Мысалы, оқушының салмағы 30 килограмм болса, толық жиналған сөмкенің салмағы 3 килограмнан аспағаны жөн.

    Сатып алу кезінде неге назар аудару қажет

    Мамандар мектеп рюкзагын баламен бірге таңдауға кеңес береді. Сатып алмас бұрын рюкзакты баланың арқасына салып көріп, оның оқушының бойына сәйкес келетініне және арқасына ыңғайлы орналасатынына көз жеткізген жөн. Таңдау кезінде мынадай сипаттамаларға назар аудару қажет:

    • жүктемені біркелкі бөлуге мүмкіндік беретін кең әрі жұмсақ иықбаулар;
    • арқаның дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін тығыз арқа бөлігі;
    • иықбаулардың ұзындығын реттеу мүмкіндігі;
    • жарық шағылыстыратын элементтердің болуы. Олар қараңғы уақытта жүргізушілер үшін баланың анық көрінуіне мүмкіндік береді;
    • берік әрі су өткізбейтін материал.
    • Рюкзактың өзінің салмағын да ескерген маңызды. Ол неғұрлым жеңіл болса, балаға түсетін қосымша жүктеме де соғұрлым аз болады. Мамандар бос рюзактың салмағы 1 килограмнан аспауын ұсынады.
    • Рюкзак бала үшін тым үлкен болмауға және белден айтарлықтай төмен түсіп тұрмауға тиіс. Артық заттарды үйде қалдырған дұрыс. Тіпті ең ыңғайлы рюзактың өзі бала күн сайын қажетсіз заттарды алып жүрген жағдайда ауыр болуы мүмкін.

    Ата-аналарға рюзактың ішін мезгіл-мезгіл тексеріп отыру ұсынылады. Сабақта қажет болмайтын ойыншықтарды, артық дәптерлерді, кітаптарды және басқа да заттарды үйде қалдырған дұрыс.

    Сондай-ақ баланы рюзакты екі иығына қатар асып жүруге үйрету маңызды. Бұл жүктеменің біркелкі бөлінуіне мүмкіндік береді. Егер мектепте осындай мүмкіндік қарастырылған болса, оқулықтар мен оқу құралдарының бір бөлігін сыныпта қалдыруға болады.

    Мектеп рюкзагын қалай таңдау керек: Денсаулық сақтау министрлігінің жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.