jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда мектеп оқушыларына үзілісте телефон қолдануға бола ма

    Телефон ұстап тұрған оқушы
    Телефон ұстап тұрған оқушы. Нейрожелі арқылы жасалған көрнекі сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Мектеп оқушылары үзілісте телефон қолдана алады. Жаңа тәртіпке сай, мобильді құрылғыларға салынған шектеу тек оқу процесі барысында жүреді. Десе де бұл ережені әр білім ошағы өзінше реттемек, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    Мектепте телефон қолдануға шектеу бар, бірақ толық тыйым жоқ. Оқу-ағарту министрлігі ережені енгізу құқығын әр мектептің өзіне беріп отыр.

    "Ұялы телефонды оқу процесі барысында тек оқу бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді жоспармен алдын ала қарастырылған жағдайда ғана пайдалануға болады. Ал жалпы оқу процесі кезінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынады", - дейді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова.

    Бір білім ошақтарында гаджеттер арнайы жәшіктерге құлыпталса, енді бірінде оқушылардың еркіне қалдырылған. №17 мектеп-гимназиясында оқушының ұялысы өзінде қалады. Сабақта қолданбауын мұғалім бақылайды.

    "Өз талаптары бар. Яғни бұл қоңырау кезінде, асханаға барған кезде, төлемақы, тамағының ақшасын төлеуге алатын кезде қолданады. Қоңырау кезінде ата-анасымен сөйлесуге немесе белгілі бір телефонды қажет болған кезде қолдана береді қоңырау уақытында. Ал енді сабақ уақытында мұғалімнің рұқсатымен ғана қолданады", - дейді Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Назгүл Байділдаева.

    Ата-аналардың пікірі де екіге бөлінді. Бірі телефонды толық шектеуге болмайтынын айтса, енді бірі сабақ кезінде смартфонды мүлде қолданбаған дұрыс деп есептейді.

    Мектептегі гаджетке шектеу қою — әлемдік тенденция. Франция, Ұлыбритания мен Нидерланды сияқты елдерде оқушыларға үзілісте де смартфон ұстауға рұқсат берілмейді. Мәселе тек сабаққа кедергі келтіретін телефонда емес. Ол арқылы кибербуллингке, деструктивті контентке және басқа да қауіптерге жол ашылуы мүмкін. Сондықтан енді мектептерде телефонды қолдану тәртібі ғана емес, оның қалай бақыланатыны да маңызды.

    Автор: Айғаным Тұрысбек

    Қазақстанда мектеп оқушыларына үзілісте телефон қолдануға бола ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.