jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларының білімі қалай бағаланады: министрлік түсініктемесі

    Оқушы
    Оқушы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Жаңа оқу жылы қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау жүйесінің өзгеруіне қатысты түсініктеме жариялады — бұл өзгерістер 2-4 сынып оқушыларына қатысты болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бастауыш сыныптарды бағалаудың жаңа жүйесіне қатысты өзгерістергі Алматы қаласы №159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалдыгүл Әмірбекова тоқталып өтті:

    • Біріншіден, формативтік бағалаудың үлесі артады. Бұған дейін оның тоқсандық бағадағы үлесі 25 пайыз болса, енді 50 пайызды құрайды.
    • Екіншіден, БЖБ, ТЖБ алып тасталып, аралық бағалау енгізіледі. Енді әр бөлім аяқталғаннан кейін, сол бөлім бойынша аралық бағалау жүргізіледі. Ал тоқсан соңында бөлек ТЖБ болмайды. Бұл оқушыға түсетін бағалау жүктемесін азайтады. Бала тоқсан соңындағы бір жұмысқа тәуелді болмай, өз нәтижесін оқу барысында көрсете алады.
    • Үшіншіден, бағалау тапсырмаларының мазмұны практикалық бағытқа өзгереді. Бастауыш сыныпта баланың ережені жатқа білуі немесе есептің жауабын дұрыс табуы ғана жеткіліксіз. Ол алған білімін қолдана білуі керек. Сондықтан тілдік пәндер диктант, мазмұндама, шығарма, оқу сауаттылығына бағытталған тапсырмалармен толықтырылды. Математикада математикалық сауаттылыққа, ал жаратылыстану, дүниетану пәндерінде зерттеу, бақылау, тәжірибе жасау және қорытынды шығару дағдыларына мән беріледі.
    • Төртіншіден, жазбаша жұмыстардың оқушылардың өз дәптерінде орындалуы өте маңызды. Бала дайын шаблоннан жауап таңдамайды, өзі жазады, ойын еркін жеткізеді, есептің шешуін, жолын көрсетеді. Бұл оның жазу дағдысын, каллиграфиясын, зейінін және өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
    • Бесіншіден, енді барлық пән бойынша баланың оқу нәтижесі ескеріледі. Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру пәндерінде енді баланың жетістігі пәннің ерекшелігіне сәйкес бағаланады. Яғни біз баланың тек академиялық білімін емес, практикалық, шығармашылық, цифрлық және танымдық дағдыларын да көре аламыз.
    • Тағы бір маңызды тұсы — тоқсандық бағаның 50 пайызы формативтік, 50 пайызы аралық бағалау нәтижесінен құралады. Осылайша баланың күнделікті еңбегі мен бөлімді меңгеру нәтижесі тең дәрежеде ескеріледі. Модерация жүргізілмейді. Сол уақыт аралығында мұғалім жұмысын тиімді пайдалана отырып, баламен жеке жұмыс жасауына уақыт жұмсап, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді.
    Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларының білімі қалай бағаланады: министрлік түсініктемесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.