ДСМ оқушылардың тамақтануына қатысты ата-аналарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың денсаулығын сақтау үшін тамақтануды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі жөнінде ата-аналарға кеңес берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Министрлік Instagram парақшасында оқушының күнделікті тамақтану жоспарын ұсынды. Оған таңғы ас, түскі ас, кешкі ас және аралық тамақтану түрлері кіреді.
"Мектеп жасы – баланың белсенді өсіп, дамитын кезеңі. Сондықтан толыққанды және теңгерімді тамақтану өте маңызды. Ол баланың күні бойы энергиясын, зейінін және жұмыс қабілетін сақтауға көмектеседі", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Оқушының рационында мынадай тағамдар болуға тиіс:
- көкөністер мен жемістер;
- сүт және сүт өнімдері;
- ет, балық, жұмыртқа және бұршақ дақылдары сияқты ақуыз көздері;
- дәнді дақылдардан жасалған тағам
- жеткілікті мөлшердегі су.
"Сонымен қатар қант, тұз және қаныққан майлар көп мөлшерде болатын өнімдерді шектеу қажет. Сондай-ақ тәтті газдалған сусындар мен өңделген тағамдарды жиі тұтынудан аулақ болған жөн.
Баланың не жейтіні ғана емес, қалай тамақтанатыны да маңызды. Тамақтану режимін сақтау, дастарқан басындағы тыныш орта және ата-ананың жеке үлгісі пайдалы әдеттерді қалыптастыруға көмектеседі", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/family/school/2422050-dsm-oqushylardyng-tamaqtanuyna-qatysty-ata-analarga-undeu-zhasady/
