jitsu gif branding logo appbranding logo app
Тағам

    Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды

    Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Қара бұрыш адамның коронавирус жұқтыру мен ағзасында вирус таралуды төмендетеді. Үндістанның технологиялық институтының ғалымдары осындай шешімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

    Зерттеу кезінде ғалымдар сан алуан дәмдеуіштердің вируспен қалай байланысқа түсетінін зерделеп шықты. Сол кезде бұрыштың құрамына кіретін "пиперин" деген заттың белсенділігі барынша байқалды. Дәл осы зат бұрышқа ащы дәм мен өзіне тән иіс береді, деп жазды "Известия".

    Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың құрамындағы S-ақуызы вирустың бетінде жүреді және тікенектердің өсуіне ықпал етеді. Сол тікенектер вирусқа адам ағзасындағы жасушаларға жабысуға көмектеседі. Ал пиперин S-ақуызын бұғаттай алайды, тікенектерді әлсіз етеді. Осылайша, вирустың адам ағзасына түсу және таралу қабілеті төмендейді. 

    Үнді ғалымдары әр түрлі бұрышта пипериннің мөлшері әрқалай болатынын да атап өтті. Мәселен, ұнтақталған бұрышта аздау болады. Ал жаңа тартылған бұрышта көбірек, себебі дәннің ішіндегі пиперин ұзақ сақталады. 

    Алдағы уақытта ғалымдар зертханада ғылыми тәжірибе жасап, клиникалық сынақтарды да өткізуді жоспарлап отыр.

    Дәрігерлер де сан алуан дәмдеуіштердің адам иммунитетін күшейтіп, қабыну реакцияларын баса алатынын растап отыр. Дәрумендер мен микроэлементтердің сіңуіне көмектеседі. Алайда халық медицинасын қолданғанда дәрігермен кеңесіп алған жөн. Мәселен, асқазаны ауыратын, гипертония мен аллергиясы бар адамдарға ащы дәмдеуіштерді жеуге болмайды.

    Еске салсақ, 12 қазан күні Қазақстанда пневмониядан екі адам, ал коронавирустан үш адам қайтыс болды.

    Айта кеткен жөн, 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында коронавирус инфекциясымен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

    Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.