Құрманың адам денсаулығына қандай пайдасы бар
Жарияланған күні:

Күн сайын құрманы жеген адамның қан құрамында холестерин төмендейді. Яғни, жүрек-қантамыр жүйесі жақсарады. Сонымен қатар, құрма жеген адамның қартаюы тежеледі деп жазады Qadam.asia.
Көптеген халықтарда құрма қасиетті тағам боп саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.
Дәрігерлер тіпті тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес беріп отыр. Ал ғалымдар құрманы 2-3 жыл аштықта талғажау етуге болатынын дәлелдеді.
Құрманың бұдан өзге де пайдасы:
- Құрма – адамның асқа деген тәбетін жақсартып, жұмысқа деген қабілетін арттырады.
- Фруктоза мен глюкозаға бай бұл жеміс жүйкені тыныштандырып, ұйқыны қалыпқа түсіреді.
- Ғалымдардың зерттеуі бойынша, құрманы көп жейтін адамдарда өкпедегі қатерлі дертпен ауру кемде-кем кездеседі екен.
- Құрма құрамындағы магний бүйрекке тас жиналмаудың алдын алады. Сондай-ақ ағзадағы тұзды шығаруға көмектеседі.
- Мәйегін жарақат алғанда немесе күйген жерге жақса, тез жазылады.
- Дәрігерлер құрма жемісін тіс жиегі жиі қанайтын жандар мен туберкулез дертіне шалдыққанда көбірек жеуге кеңес береді.
- Құрма – иодқа да бай. Қалқанша безінің қабынуымен ауырғанда бұл жемісті жеу-дертке дауа болады.
- Қаныңыз аз болса, бұл жемістің өзінен немесе жапырағынан шай жасап ішуіңізге болады.
- Құрма құрамындағы маносахрид жүрек бұлшықеттеріне пайдалы.
- Құрма құрамындағы "А" және "С" дәрумені иммунитетті көтеріп, суықтаудың алдын алады.
Ескерте кетейік, қант диабетімен ауыратын адамға құрма жеуге болмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/healthy-eating/1910618-qurmanyn-adam-densaulygyna-qandai-paidasy-bar/