jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Безеудің көбеюіне әсер ететін 3 тағам түрі анықталды

    Безеу
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қандай тағамдар бетіңізге безеу шығуына әсер етуі мүмкін және қандай тағамдар, керісінше, олармен күресуге көмектеседі? Бұл сұраққа британиялық диетолог Харриет Смит жауап берді деп хабарлайды Daily Express басылымы.

    Харриет Смиттің айтуынша, терідегі безеуден арылу үшін дұрыс тамақтану керек.

    Маманның пікірінше, бетке безеу шықпас үшін ірімшік, шоколад пен печенье сынды тағамдарды жеуден бас тарту керек. Дәл осы үш өнім терінің күйіне кері әсер етеді дейді маман.

    "Егер сіз сүт өнімдерін тұтынбаймын деп шешсеңіз, жақсы жоспарланған диета сіздің ағзаңызды барлық қажетті қоректік затпен қамтамасыз ете алады. Бірақ сүт өнімдерінен біржола бас тартпаңыз - осылайша В12 витаминінің, йодтың және басқа да маңызды микро және макроэлементтердің жетіспеушілігіне тап болуыңыз мүмкін.

    Тәттілерге келер болсақ, кез келген қант безеудің шығуына себеп болуы мүмкін. Шоколад пен печеньеден бөлек, өзге де тәтті тағамдарды қолдануды барынша азайту қажет: торт, кондитерлік өнімдер, эклер", - дейді диетолог.

    Харриет Смит, сонымен қатар, ағзада А дәруменінің (жұмыртқа, бауыр, майлы балық, сары, қызыл және жасыл көкөністерде кездеседі) жеткілікті екеніне көз жеткізу керектігін атап өтті.

    Ол терідегі ұсақ тесіктердің бітелуін болдырмайды. Ал С дәрумені теріні ультракүлгін сәулелерден қорғауға көмектеседі дейді маман.

    "Егер сіздің теріңіз майлы, безеу мен қара нүктелерге толы болса, онда сіз дұрыс тамақтануға көшпей, бұл мәселені шеше алмайсыз", - дейді дерматовенеролог Светлана Крюкова.

    Ол өзінің Instagram парақшасында тері проблемалары бар науқастар қандай өнімдерді көп тұтынбауы керектігін жазды:

    • Көмірсуға бай тағамдар: тәтті сусындар, қант, картоп қытырлағы (чипсы), пицца, бидай наны мен нан өнімдері, жүгері қауызы;
    • Сүт және сүт өнімдері: тұтас және майсыздандырылған сүт, пастерленген сүт, йогурт, балмұздақ, сарысу мен казеин қоспалары, сүт коктейлі;
    • Қаныққан майы көп тағамдар (пальмитин қышқылы): сары май, сүт кремдері, майлы ірімшіктер, құрамында пальма майы бар өнімдер;
    • Транс-майларға бай тағамдар: фастфуд, фри картобы, қуырылған нан, вафли, маргариннен жасалған тағамдар.
    Безеудің көбеюіне әсер ететін 3 тағам түрі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.