jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс

    Стақандағы су
    Су. Көрнекі фото: Рexels.com

    Жаз мезгілінде адам ағзасы жеңіл тағамдар мен түрлі сусындарды қалайды. Ал шілдедегі аптап ыстықта шөлді қалай қандырамыз? Қандай сусын ішкен дұрыс? Осы сауалдарға Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ресми сайтында жауап берді.

    "Күн сайын жеткілікті мөлшерде су тұтыну ағзаның барлық функциясын, соның ішінде ас қорыту мен метаболизмді, қалдықтарды жоюды, сондай-ақ дене қызуын қалыпты ұстап тұруды және ағза мен тіндердің денсаулығын сақтау үшін қажет", – дейді комитет мамандары.

    Олар денедегі судың жетіспеушілігін болдырмау үшін ересектерге де, балаларға да су ішу тәртібін дұрыс ұйымдастыру және сақтау маңызды екенін айтады.

    Қоршаған орта температурасының жоғарылауы кезіндегі сұйықтықтар мен сусындардың ұсынылатын тізімі:

    • салқын, таза су (қайнатылған немесе бөтелкедегі су) – шөлді қандыру үшін ең жақсы таңдау, суға лимон, қияр тілімдерін немесе мұз текшелерін қосуға болады;
    • көк шай;
    • ақуызға, көмірсуларға, кальцийге және электролиттерге бай сүт және сүт өнімдері дене белсенді болғанда немесе терлеген кезде жоғалған натрийдің орнын толтыруға көмектеседі;
    • жасыл көкөністі (қырыққабат, шпинат, балдыркөк) немесе қауын, қарбыз және қияр сияқты су негізіндегі жемістер мен көкөністер қосылған жаңа сығылған шырындар мен смузилер денені ылғалдандыра отырып, пайдалы заттармен қамтамасыз етеді;

    Ыстықта тұтынылатын сұйықтықтың температурасын бақылау маңызды, ол бөлме температурасында болғаны жөн.

    Қантты газдалған, энергетикалық және алкогольді сусындардан аулақ болуға тырысыңыз.

    "Сапасыз су мен сусындарды ішу тамақтан улануды және жедел ішек инфекциясы, дизентерия, А вирустық гепатиті және басқа да жұқпалы ауруларды тудыруы мүмкін екенін есте сақтау керек.

    Сонымен қатар, қантты газдалған сусындар мен энергетикалық сусындарды көп тұтыну семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупінің жоғарылауымен байланысты", – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары.

    Жаз мезгілінде қандай сусындар ішкен дұрыс

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.