Асшаяндардың денсаулыққа қандай пайдасы бар: ел білмейтін 7 дерек
Опубликовано:

Асшаян - дәмді, диеталық теңіз тағамы. Оның тіс, қалқанша безі мен әйел және ер адамның денсаулығына пайдасы зор екен. Асшаянның адам ағзасына пайдалы тұстарымен бүгінгі материалда бөлісетін боламыз.
- Асшаянның артық салмақтан арылуға көмектесетіні, тіс пен сүйектерді қатайтатыны және жүкті әйелдер мен құрсақтағы сәбиге пайдалы екені туралы айтылған.
- Асшаянның ер адамдардың денсаулығына, қалқанша безінің жұмысына пайдалы әсер ететіні және әжімдерді азайтатыны туралы мәлімет берілген.
- Асшаянның когнитивті қабылетті жақсартатыны және оның құрамында көптеген пайдалы элементтер бар екені туралы айтылған.
Артық салмақтан арылуға көмектеседі
Аcшаян - құрамында протеині бар диеталық өнім болып табылады. Medical News Today медициналық басылымының хабарлауынша, 100 г асшаянда шамамен 99 ккал ғана бар екен. Сонымен бірге оның құрамында:
- Май — 0,28 г.
- Ақуыз — 24 г.
- Көміртектер — 0,2 г.
Сертификаты бар диетолог Ahara Джордан Энтони NUR.KZ-ке шаян тәрізділердің пайдалы құрамы туралы әңгімелеп берді:
Асшаяндар — ақуыздың көзі, сол себепті ол ақ және қызыл етті алмастыра алады. Ол басқа теңіз өнімдеріне қарағанда әлдеқайда қолжетімді. Сондықтан асшаяндарды тунец немесе басқа да балықтарға қарағанда, күнделікті тағам рационына оңай енгізуге болады.
Асшаянның құрамында йод, кальций, темір, магний, фосфор, калий, натрий, селен, цинк, А, С, B₄, B₁₂ дәрумендері мен омега-3 май қышқылдары бар. Калорияның төмен болуы, құрамында ақуыздың болуы және дәрумендер мен микроэлементтерге бай болуының себебінен, асшаяндарды артық салмақтан арылу тағамдарының санатына қосуға болады.
Тіс пен сүйектерді қатайтады
100 г асшаянда 70 мг кальций немесе 237 мг фосфор, яғни аталған элементтер адам ағзасына қажет 7% және 33% көлемінде болады екен. Аталған минералдардың құрамында тіс эмалі мен сүйектің негізгі компоненті саналатын - гидроксиапатит болады. Сол себепті Нью-йорк ауруханасының хирургы Маунт-Синай мен медицина ғылымдарының кандидаты, Iconic Implants протезисті Зев Шульхоф NUR.KZ-ке берген сұхбатында аталған өнімді жиі тұтынуға кеңес берді.
Асшаяндардың құрамында кальций мөлшері көп, ал оның сүйек пен тісті қатайтатыны баршаға аян. Кальций тіс жегісінен қорғап, тіс эмалінің сақталуына көмектеседі.
Сонымен бірге фосфор энергия беруге қажет. Аталған элемент бұлшық ет пен жүйке жүйесі жұмысына қатысады екен.

Жүкті әйелдер мен құрсақтағы сәбиге пайдалы
Асшаяндар - омега-3 май қышқылдарының көзі, сондықтан аталған элемент жүктілік пен құрсақтағы сәбидің дамуына өз пайдасын тигізеді. Асшаянның түріне байланысты, 100 г өнімнің құрамында 0,6 мг омега-3 май қышқылы болады екен. Cochrane медициналық басылымының хабарлауынша, омега-3 май қышқылдарын ішетін әйелдерде уақытынан бұрын босану көрсеткіші төмен болатын көрінеді. Яғни, босану уақытымен болып, сәби дүниеге сау болып келеді.
Омега-3 май қышқылдары құндақтағы сәбидің көру мүшелері мен мидың дамуында маңызды роль атқарады. Сонымен бірге, асшаян - темірдің көзі. Ал, бұл өз кезегінде жүкті әйелдерге анемияның алдын алуға көмектеседі. Осыған байланысты жүкті әйелдерге асшаян жеуге кеңес беріледі.
Ер адамдардың денсаулығына пайдалы
Асшаяндар ер адамдардың репродуктивтің жүйесіне пайдалы екен. Мамандар асшаяндардың құрамында ерлердегі бедеусіздіктің алдын алуына көмектесетін селен элементінің барын айтады. Жаң Англияның құнарлылық институтының мамандарының пікірінше, ол жаңа сперматозоидтердің түзілуіне септесіп, олардың зақымдануы мен мутациялануынан қорғайды екен.
Селен элементі, сонымен бірге жұмыртқа жасушаларын да қорғайды. Ғалымдар ондағы антиоксиданттар туа біткен ақау, жүктіліктің тоқтауы және т.б. алдын алады дейді.
Данияның патшалық ветеринар және ауыл шаруашылығы университетінің зерттеулері күніне 100 г асшаянды жеу арқылы, ер адамдар 83 мкг селенді тұтынады екен. Бұл көрсеткіш аталған минералды күнделікті тұтыну мөлшерінен 50%-ға артық көлем екен.

Қалқанша безінің жұмысын жақсартады
Асшаяндар қалқанша безінде ауытқулар бар адамдарға пайдалы тағам. Мұндай пікірді NUR.KZ-ке My Weight Loss Partner докторы, сертификаты бар терапевт Майкл Лэйхи айтты:
Асшаянны құрамында йод пен селен бар. Бұл элементтер қалқанша безінің жұмысын жақсартады.
Асшаян етінің 85 г-да 35 мкг йод, яғни бір тәулікке қажет йодтың 23%-ы бар екен. Аталған микроэлементтің негізгі қызметі - қалқанша безінің трийодтиронин және тироксин гормондарын өндіру болып табылады. Мамандар селен тиреоидит Хашимото, гипотиреоз, қатерлік ісік арулары мен қалқанша безінің гиперплазиясы сынды аутоимунды аурулардың алдын алуға септесетінін айтады.
Әжімдерді азайтады
WebMD медициналық басылымының хабарлауынша, асшаяндар астаксантин антиоксидантына бай, олар бұл элементтерді балдырдың құрамынан алатын көрінеді. Бұл микроэлементтер бетке әжім түсудің алдын алып, оны күн сәулелерін қорғайды екен. Дәрігер Майкл Лэйхи бұл жөнінде былай дейді:
Аяшаяндар астаксантинқа бай, ал бұл дегеніміз еркін радикалдармен күреске қажет антиоксидантты каротиноид деген сөз. Астаксантиннің бетке пайдасы сол, ол бет терісін ультракүлкін сәулелерден қорғап, оның тегіс болуына көмектеседі.
Сонымен бірге антиоксиданттар ағзаның басқа да жасушаларын бұзылудан қорғайды. Мұндай қызметті селен мен омега-3 май қышқылдары атқарады.

Когнитивті қабылетті жақсартады
Асшаяндармен жиі тамақтану адамның есте сақтау қабылетін күшейтіп, ми жұмысын жақсартады. Бұл туралы NUR.KZ-ке Atlas Ketamine-дің тәжірибелі медбикесі Юнг Баккам айтып берді:
Асшаяндардың құрамында көптеген пайдалы элементтер бар, солардың бірі - холин. Ол мидың когнитивті функциясын жақсартады. Холин ацетилхолиннің түзілуіне мүмкіндік береді, ол өз кезегінде адамның есте сақтау қабылеті мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің дамуына көмектеседі.
Одан бөлек, ми омега-3 май қышқылдарымен қаныққан, олардың ішінде асшаяндарда кездесетін эйкозапентаенды (EPA) и докозагексаенды (DHA) қышқылдар да бар. Олар адамның миын өмір бойына когнитивті қызметпен қамтамасыз етіп, олардың ақыл-ойын дамытады.
Асшаяндар - адамдардың күнделікті ас мәзірін түрлендірудің ғана емес, сонымен қатар тамақ рационын тепе-тең ету жолы. Асшаяндардың қандай пайдасы бар? Шаян тәрізділердің бұл түрі - қалқанша безінің жұмысын жақсартатын, әйелдер мен ерлердің репродуктивті жүйесін дамытатын, сүйек пен тісті қатайтатын, мидың дұрыс жұмыс істеуіне жол ашатын ақуыздар мен көптеген дәрумен, минералдардың калориясы аз көзі болып табылады.
Назар аударыңыз!
Материал тек танымдық мақсатта ұсынылады! Дәрігердің рұқсатынсыз жоғарыда аталған кеңестерді жүзеге асыруға кеңес берілмейді.
Дереккөздер:
- Christine Richardson. Is shrimp a good source of protein? // Cochrane. — 2023. — February 9. — Қолжетімділік режимі: https://www.medicalnewstoday.com/articles/protein-in-shrimp
- P. Middleton, J.C. Gomersall, J.F. Gould. Omega-3 fatty acid addition during pregnancy // Cochrane. — 2018. — November 15. — Қолжетімділік режимі: https://www.cochrane.org/CD003402/PREG_omega-3-fatty-acid-addition-during-pregnancy
- S. H. Bügel, B. Sandström, E. H. Larsen. Absorption and retention of selenium from shrimps in man // PubMed. — 2001. — April. — 14(4). — 198–204. — Қолжетімділік режимі: https://pubmed.ncbi.nlm.nih.gov/11396777/
- Will Blair. Health Benefits of Shrimp // WebMD. — 2023. — July 24. — Қолжетімділік режимі: https://www.webmd.com/food-recipes/shrimp-health-benefits
Рецензент — жоғары санатты дәрігер Михайленко Людмила Анатольевна.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/food/healthy-eating/2173860-asshaiandardyng-densaulyqqa-qandai-paidasy-bar-el-bilmeitin-7-derek/