jitsu gif
Тағам

    "Құрамында хлорат мөлшері жоғары": Coca-Cola Еуропадағы дүкен сөрелерінен өнімдерін кері қайтарып жатыр

    Дүкен сөресі
    Көрнекі фото: ru.freepik.com

    Coca-Cola компаниясы кейбір еуропалық елдерден құрамында химиялық хлораттың мөлшері жоғары сусындарын кері қайтарып алатынын мәлімдеді. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    BBC-дің хабарлауынша, компания өз өнімдерін Бельгия, Люксембург және Нидерландыдағы сөрелерден қайтарып алмақ. Компания өкілдері агенттік тілшілеріне былтыр жыл соңында Ұлыбританияға осы партияның бес түрлі өнімі жеткізілгенін, олардың барлығы сатылып кеткенін айтады.

    Хлорат тамақ өндірісінде суды тазартатын хлор негізінде жасалған дезинфекциялық құралдарды пайдалану кезінде түзілуі мүмкін.

    "Тәуелсіз сараптамалық талдау нәтижесі тұтынушылар үшін тәуекел өте төмен екенін көрсетеді" - деді компания өкілі BBC-ге берген сұхбатында.

    Coca-Cola Ұлыбританиядағы тұтынушылардан ешқандай шағым түспегенін және бұл мәселе бойынша Ұлыбритания билігімен ынтымақтастықты жалғастыратынын айтқан.

    Агенттіктің хабарлауынша, хлораттың жоғары деңгейі денсаулыққа кері әсерін тигізуі және қалқанша безінің ауруларына әкелуі мүмкін, әсіресе балалар мен сәбилерге зиян.

    "Алкогольсіз сусынды дайындау кезінде отшашу мен дезинфекция құралдарын өндіруде қолданылатын химиялық заттарды қосатынын ескерсек, оны ішер кезде ойлануымыз керек", - дейді Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің диетолог-маманы BBC-ге берген сұхбатында.

    Құрамында хлораты көп тағамды жеу жүрек айну, құсу, диарея сияқты ауру белгілерін тудырады және қанның оттегін сіңіру қабілетін шектейді, дейді сарапшы химиялық заттар туралы соңғы зерттеулерге сілтеме жасап.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.