Көпке танымал испан чизкейгі: десерттің дайындалу жолы қандай
Жарияланған күні:

"Сан Себастьян" кез-келген гурман үшін таптырмас десерт. Ортасында нәзік салмасы бар десерттің сырты қытырлақ карамельден тұрады. Өз бетіңізше испан тәттісін дайындау жолын есте сақтап қалуға тырысыңыз.
Испан елінде "Сан Себастьян" (баскский чизкейк) чизкейгі – халық арасында күйген чизкейк деп танымал. Себебі оның беті қоңыр, күйген қытырлақ күйде ұсынылады. Десерт отыз жылдан аса уақыт дайындалып келеді. Ең алғаш рет оны 1990 жылы аспаз Сантьяго Ривера, Сан Себастьян (Басков) қаласында жасаған.
Ол дәстүрлі үгітілмелі қамырды емес, негізі нәзік болып шығатын рецепт бойынша дайындаған. Күйдірілген чизкейк халық арасында тез таралып кетті. Десертті дайындаудың басты құпиясы, оған сапалы өнімдер қолданып, рецепті бойынша пропорцияларды қатаң ұстану болып табылады.
Сипаттамасы
Асхана: Испан
Санаты: Десерт
Дайындау уақыты: 5 минут
Дайындалу уақыты: 15 минут
Бір порцияға калориясы: 277 ккал
Құрамы
Жұмыртқа – 4 дана
Қоюлатылған қаймақ 33% - 360 мл
Қант – 200 гр
Бидай ұны – 2 ас қасық
Тұз – 6 гр
Кілегейлі ірімшік – 680 гр
Ваниль экстракты – 2 шай қасық
Дайындалуы
1. Чизкейк формасын дайындау

Десертті әзірлемес бұрын, дайындалып алыңыз. Пешке 200 градус қойып, қыздырып алыңыз. Пештің жоғарғы және төменгі жақтарын қосып қойыңыз. Формаңыздың астына пергамент қағазын екі қабаттап төсеп алыңыз. Формаңыз түгелімен пергаментпен жабылуын қадағалаңыз. Форманы противеньге қойыңыз.
2. Кілегейлі ірімшікті араластыру

Чизкейк негізі біркелкі массада болуы үшін, кілегейлі ірімшігіңіз бөлме температурасында болғаны дұрыс. Оны ыдысқа салып, миксердің ең төменгі жылдамдығында араластырып бастаңыз. Оған аздап тұз, қант және ваниль экстрактын қосыңыз. Қант пен тұз толығымен еріп кеткенше миксерлеу қажет. Барлығы 3 минуттай уақыт араластырған дүрыс.
3. Жұмыртқа мен ұн қосу

Жұмыртқаны тоңазытқыштан алдын-ала шығарып бөлме температурасына дейін жылытып алған абзал. Кілегейлі ірімшікті араластырып тұрып, бір-бірден жұмыртқа қосып тұрыңыз. Массаңыз біркелкі болғанда миксерлеуді тоқтатып, ұн сала бастаймыз. Қайтадан барлығы бір массаға келгенше миксерлейміз.
4. Қою қаймақты құю

Миксердің төменгі жылдамдығында араластырып тұрып, массаға майлы сливки құямыз. Барлығын жақсылап араластырып, жарты минуттай нәзік массаға келгенше араластырамыз.
5. Қамырды формаға құю

Алдын-ала дайындалған формаға қамырды құямыз. Форманы столға 1-2 рет тастап, артық ауадан арыламыз.
6. Чизкейкті пісіру
Чизкейкті 45 минут пісіреміз. Қамырдың көлемі көтеріліп, ал беті қоңырлануын күту керек. Дайын болған десертті формасында суытып алған жөн. Кейін оны шамамен 5 сағатқа тоңазытқышқа салып қоямыз. Бұл чизкейк формасының сақталуына ықпалын тигізеді. Дастарханға қоймас бұрын оны формадан босатып, пергамент қағазын алып тастау керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/food/recipes/2041066-kopke-tanymal-ispan-cizkeigi-deserttin-daiyndalu-zoly-qandai/