jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Тары мен талқаннан жасалатын майсөк пен жент: Ақнұр Тілекқызынан ұлттық десерт

    Майсөк пен жент. Скриншот
    Майсөк пен жент. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Қазақ халқының ұлттық тағамдары арасында майсөк пен женттің алар орны ерекше. Бүгінгі материалда ұлттық десерт ретінде ұсынылып келе жатқан тәттілердің жасалу жолымен таныстыратын боламыз.

    Ақнұр Тілекқызының YouTube арнасынан ұлттық тағамдардың түр-түрімен таныс бола аласыздар. Фудблогер аталған арнада оқырмандарына жеңіл әрі оңай даярланатын тағамдар рецебін ұсынады.

    Сипаттамасы

    Асхана: Қазақ

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 30 минут

    Құрамы

    Тары - 1 шай кесе

    Ыстық сүт - 100 гр

    Қант - 100 гр

    Сары май - 200 гр

    Талқан - 300 гр

    Бал - 50 гр

    Қоюлатылған сүт - 70 гр

    Дайындалуы

    1. Ыстық сүт пен тарыны араластырамыз

    Ыстық сүт пен тарыны араластырамыз. Скриншот
    Ыстық сүт пен тарыны араластырамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Тарыны терең ыдысқа салып, үстінен ыстық сүт құямыз. Ыдыстың қақпағын жауып, кем дегенде 30-40 минутқа қалдырамыз.

    2. Жентті дайындаймыз

    Жентті дайындау процесі. Скриншот
    Жентті дайындау процесі. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Талқанға қант, бал, қоюлатылған сүт және бөлме температурасында тұрған жұмсақ сары майды кезек-кезек қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    3. Жентке пішін береміз

    Жентке пішін беріп, домалатамыз. Скриншот
    Жентке пішін беріп, домалатамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Дайын жентті бөліктерге бөліп, пішін беріп, домалатамыз. Жентті дастарханға әдемілеп ұсыну үшін, шоколадты балқытып, үстінен әрлесеңіз болады. Сонда жент дайын десерт түрінде шай дастарханының көркін келтіретін болады.

    4. Майсөкті дайындаймыз

    Майсөкті дайындау процесі. Скриншот
    Майсөкті дайындау процесі. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Тындырылған тарыны алып, артық сүтін марляның көмегімен сүзіп аламыз. Сосын қағаз майлықтың үстіне жайып, әбден кептіріп аламыз. Кепкен тарыны ыдысқа салып, үстінен қант, бөлме температурасындағы сары майды қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    5. Майсөк пен жентті дастарханға ұсынамыз.

    Майсөк пен жентті дастарханға ұсынамыз. Скриншот
    Майсөк пен жентті дастарханға ұсынамыз. Скриншот: YouTube/Aknur Tilekkyzy

    Дайын болған ұлттық десертті тәрелкеге салып, дастарханға қоямыз. Ұлттық тағамдардан жасалған ерекше тәттілер барлығының көңілінен шығатынына сенімдіміз.

    Тары мен талқаннан жасалатын майсөк пен жент: Ақнұр Тілекқызынан ұлттық десерт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.