jitsu gif
Тағам

    Жаңғақ қосылған бәліш: ауызашарға Арианадан дәмді десерт

    Жаңғақ қосылған бәліш
    Жаңғақ қосылған бәліш. Фото: YouTube/Nariman Ariana

    Жаңғақ қосылған бәліш ауызашар дастарханының таптырмас десерті болады. Бүгінгі материалда дәмі тіл үйіретін жаңғақ бәлішінің рецептін бөліспекпіз.

    Жаңғақ бәлішінің ерекше рецептін фудблогер Нариман Ариана ұсынып отыр. Фудблогердің YouTube арнасынан көптеген дәмді десерт пен ерекше тағамдар рецептімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалатын уақыты: 20 минут

    Дайын болу уақыты: 40 минут

    Құрамы

    Ұн - 250 гр.

    Сары май - 130 г.

    Жұмыртқа - 1 дана.

    Қант - 50 гр.

    Қопсытқыш - 1 ас қасық

    Грек жаңғақ - 200 г.

    Қоюлатылған сүт - 250 гр.

    Дайындалуы

    1. Қамыр илейміз

    Ұнға мары май, қопсытқыш салып, қамыр илеу. Скриншот
    Ұнға мары май, қопсытқыш салып, қамыр илеу. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Ұнды електен өткізіп, ыдысқа салып, сары майды қосамыз. Қант пен қопсытқышты себеміз. Осылайша ұсақ үгінділер жасап, қамырды илей бастаймыз. Үстінен бір жұмыртқаны қосып, жұмсақ қамыр илейміз.

    2. Қамырды формаға саламыз

    Қамырды формаға саламыз. Скриншот
    Қамырды формаға саламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Жұмсақ қамырды формаға біркелкі етіп жайып, салмасын салуға дайындаймыз. Қамыр біркелкі болып жайылу үшін, орташа мөлшердегі форманы таңдағаныңыз жөн болады.

    3. Үгітілген грек жаңғағын саламыз

    Үгітілген грек жаңғағын саламыз. Скриншот
    Үгітілген грек жаңғағын саламыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Грек жаңғағын үккіштен өткізіп немесе оқтаумен ұсақтап, дайындап аламыз. Үгітілген жаңғақты қамырдың үстінен саламыз. Біркелкі етіп жаямыз.

    4. Қоюлатылған сүтті құямыз

    Қоюлатылған сүтті құямыз. Скриншот
    Қоюлатылған сүтті құямыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Қоюлатылған сүтті жаңғақтың үстінен құямыз. Сосын қасықпен тегістеп, біркелкі етіп жайып шығамыз.

    5. Бәлішті пісіреміз

    Бәлішті пісіреміз. Скриншот
    Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Пешті алдын ала 180 градусқа дейін қыздырып аламыз. Сосын бәлішті қойып, 35-40 минутта пісіреміз. Осылайша жаңғақ бәліші дайын болып шығады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.