jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ораза айтта жеті шелпекті қалай пісіру керек: 15 минут уақытыңызды алатын рецепт

    Ашытқысыз жеті шелпек. Скриншот
    Ашытқысыз жеті шелпек. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    Ораза айт мерекесінде қазақ халқы дәстүр бойынша жеті шелпек пен бауырсақ пісіреді. Назарларыңызға 15 минутта дайын болатын жеті шелпектің ең оңай рецебін ұсынамыз.

    Ораза айт мерекесі жақындағалы бері көптеген қыз-келіншек ас мәзірін дайындауда. Осыған орай, назарларыңызға ашытқысыз жасалатын жеті шелпектің рецептісін ұсынамыз. Фудблогер Шынар Түсіпованың YouTube арнасынан осы сынды өзге де тағамдардың түрлі рецептісімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Қазақ

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 30 минут

    Дайын болу уақыты: 15 минут

    Құрамы

    Сүт -200 гр

    Жұмыртқа - 2 дана

    Тұз - 0,5 шай қасық

    Қант - 2 ас қасық

    Ұн - 500-550 гр

    Дайындалуы

    1. Қамырға қажет сүтті дайындаймыз

    Қамырға қажет сүт. Скриншот
    Қамырға қажет сүт. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    Бөлме температурасындағы жылы сүтке екі жұмыртқаны қосамыз. Массаның үстіне екі шай қасық тұз бен екі ас қасық қантты салып, ерігенше жақсылап араластырамыз.

    2. Қамырға ұнды қосып, жұмсақ қамыр илейміз

    Қамырға ұнды қосамыз. Скриншот
    Қамырға ұнды қосамыз. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    Сүт пен жұмыртқа қоспасына ақырындап ұн қосып, алдымен венчикпен жақсылап араластырамыз. Осылайша, жұмсақ қамыр илейміз. Дайын қамырды иін қандыру үшін, бетін жауып, 5-10 минут тындырамыз.

    3. Шелпектерді жаямыз

    Қамырды жаямыз. Скриншот
    Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    Қамырды табаның көлеміне қарай, бірнеше бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті оқтаудың көмегімен, жіңішке, домалақ етіп жаямыз.

    4. Шелпектерді қуырамыз

    Ыстық майда дайын шелпектерді қуырамыз. Скриншот
    Ыстық майда дайын шелпектерді қуырамыз. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    Табаға майды қыздырып, дайын шелпектерді екі жақ беті қызарғанша қуырамыз. Бұл ретте, майдың қызып тұрғаны абзал. Әйтпесе, шелпектер майды көп сіңіріп, қамыры майлы болып шығады.

    5. Дайын шелпекті дастарханға ұсынамыз

    Дайын шелпектерді дастарханға ұсыну. Скриншот
    Дайын шелпектерді дастарханға ұсыну. Скриншот: YouTube/Shynar Tusupova

    15 минутта ашытқысыз дайын болатын шелпектер Ораза айт дастарханының сәнін келтіретіні анық. Мұндай шелпекті қонақтарға ыстық күйінде ұсынсаңыз, тіптен жақсы. Шелпектеріңіз ыстық әрі дәмді күйінде бірден желінетін болады.

    Ораза айтта жеті шелпекті қалай пісіру керек: 15 минут уақытыңызды алатын рецепт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.