jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Табадағы орама нан: Ариана Дәуренқызынан өзбек "ханымының" рецебі

    Табадағы орама нан. Скриншот
    Табадағы орама нан. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Орама нан тағамы көпшіліктің сүйіп жейтін тағамдарының бірі екені сөзсіз. Өзбектің "ханым" деп аталатын тағамын табада қалай пісіруге болады? Бүгінгі рецепттен біле аласыздар.

    Ел арасында кеңінен танымал орама нан тағамын табада қалай пісіруге болады? Фудблогер Ариана Дәуренқызы бүгін сіздерге дәмді тағамның ерекше дайындалу жолымен таныстыратын болады. Танымал блогердің YouTube арнасынан, сондай-ақ, осы және өзге де танымал тағамдардың рецептілерімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Азия

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 40 минут

    Дайын болу уақыты: 45 минут

    Құрамы

    Ұн - 500 гр

    Жылы су - 220 гр

    Тұз - 1 шай қасық

    Жұмыртқа - 1 дана

    Тартылған ет - 300 гр

    Картоп - 2-3 дана

    Пияз - 1 дана

    Сәбіз - 1 дана

    Өсімдік майы - 30 мл

    Дайындалуы

    1. Қамыр илейміз

    Қамыр илейміз. Скриншот
    Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Ұнды елеп, жұмыртқаны қосамыз. Жылы суға тұзды салып, ерітіп аламыз. Сосын ұнға қосып, орташа тығыздықтағы қамыр илейміз. Бетін жауып, тындырып қоямыз. Қамыр жабыспау үшін, 10 минуттан кейін алып, иін қандырғанша тағы бір рет илеп, тындырған дұрыс.

    2. Салмасын дайындаймыз

    Салмасын дайындаймыз. Скриншот
    Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Тартылған етке картопты ұсақ шаршы түрінде турап, қосамыз. Сосын тұзы мен бұрышын дәміне қарай қосамыз. Үстінен сұйық май құйып, жақсылап араластырамыз.

    3. Пияз бен сәбізді қуырамыз

    Соус дайындаймыз. Скриншот
    Соус дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Қызып тұрған табаға пиязды турап салып, 2-3 минут, мөлдір болғанша қуырып аламыз. Сәбізді үккіштен өткізіп, пияздың үстінен қосып, қуырамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш пен дәмдеуіштерді қосамыз. 1 қасық томат пастасын қосып, тағы қуырамыз. Үстінен 1 стакан су құйып, 10 минут баяу отта қайнатамыз.

    4. Қамырды жаямыз

    Қамырды жұқа етіп жаямыз. Скриншот
    Қамырды жұқа етіп жаямыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Қамырды жұқа етіп жайып, бетіне сұйық майды жағып шығамыз. Сосын қамырды видеодағыдай етіп төрт бөлікке бөліп, әр бөлікті үшбұрыш пішінінде теңдей етіп кесеміз.

    5. Орама нанды түйеміз

    Орама нанды түйеміз. Скриншот
    Орама нанды түйеміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Қамырдың әр бөлігіне салмасын салып, ораймыз. Орама түйген кезде, ішінен салмасы шықпас үшін, екі жақ шетін де жабуды ұмытпаңыз.

    6. Орама нанды пісіреміз

    Орама нанды пісіреміз. Скриншот
    Орама нанды пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Дайын болған орама нанды табаға саламыз. Орамаларды табаға салған кезде, оның әрқайсысын тағамның сорпасына аунатып алған дұрыс, сонда орама нан бір-біріне жабыспайтын болады. Осылайша, сүйікті тағамыңызды 40-45 минут, баяу отқа қойып, пісіріп аласыз.

    Табадағы орама нан: Ариана Дәуренқызынан өзбек "ханымының" рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.