jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Картоп қосылған запеканка: Арианадан пеште жеңіл пісетін тағамның рецебі

    Дәмді запеканка. Скриншот
    Дәмді запеканка. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Запеканка - күнделікті ас мәзірінде оңай әрі тез жасалатын сүйікті тағамдардың бірі. Осыған орай, назарларыңызға картоптан жасалған ең оңай әрі дәмді запеканканың рецебін ұсынамыз.

    Запеканка - Еуропа асханасында жиі кездесетін тағамдардың бірі. Фудблогер Ариана Дәуренқызы өзінің YouTube арнасында осы және өзге де тағамдардың рецебімен таныстырады. Сол себепті, блогердің YouTube арнасына жазылуды ұмытпаңыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: басты тағам

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 20 минут

    Құрамы

    Картоп - 4-5 дана

    Тұз, бұрыш, паприка - дәміне қарай

    Зәйтүн немесе өсімдік майы - дәміне қарай

    Жұмыртқа - 4 дана

    Қаймақ - 200 гр

    Жасыл жуа - дәміне қарай

    Қызанақ - қалауыңызша

    Ірімшік - 100 гр

    Дайындалуы

    1. Картопты дайындаймыз

    Картопты тураймыз. Скриншот
    Картопты тураймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Картопты қабығынан аршып, жуып, орташа қалыңдықтықтағы тілімде, ірілеу етіп тураймыз. Табаға салып, дәміне қарай тұз, бұрыш, дәмдеуіштерді қосып, жақсылап араластырамыз. Қызып тұрған пешке 200 градусқа, 20 минутқа қоямыз.

    2. Запеканкаға қажет жұмыртқа мен қаймақты араластырамыз

    Жұмыртқаны қаймақпен араластырамыз. Скриншот
    Жұмыртқаны қаймақпен араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    4 дана жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа саламыз. Үстінен қаймақ қосамыз. Сосын шым-шым тұз қосып, араластырамыз.

    3. Көкөністер мен ірімшікті дайындаймыз

    Көкөністер мен ірімшікті дайындаймыз. Скриншот
    Көкөністер мен ірімшікті дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Алдымен жасыл жуаны тураймыз. Сосын 100 гр ірімшікті үккіштен өткіземіз. 1 дана қызанақты кішігірім шаршы етіп тураймыз. Дайын көкөністер мен ірімшікті жұмыртқа мен қаймақ қоспасына қосамыз. Барлық құрамды жақсылап араластырамыз.

    4. Дайын қоспаны картопқа қосып, запеканканы пісіреміз

    Запеканканы пісіреміз. Скриншот
    Запеканканы пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Дайын қоспаны картоптың бетіне құямыз. Қоспаны картоптың беті жабылатындай етіп, тегістеп жабамыз. Запеканканың бетінен тағы да ірімшікті себеміз. Запеканканы қызған пешке, 180 градусқа, 15 минутқа қойып, пісіреміз. Дайын запеканканы бірнеше бөлікке бөліп, тарелкаға салып бере аласыздар.

    Картоп қосылған запеканка: Арианадан пеште жеңіл пісетін тағамның рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.