jitsu gif
Тағам

    Чизбургерді үйде қалай жасауға болады: Ариана Дәуренқызының тәсілі

    Дәмді чизбургерлер. Көрнекі сурет
    Дәмді чизбургерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Чизбургер - тартылған ет пен ашытылған наннан даярланатын, балалардың сүйіп жейтін фастфуд тағамдарының бірі. Қоғамдық орындарда жиі сатылатын тағамды үй жағдайында қалай дайындауға болады? Ариана Дәуренқызы арнайы рецебін ұсынады.

    Тойымды әрі нәрлі чизбургерлердің жасалу әдісін танымал фудблогер Ариана Дәуренқызы ұсынады. Блогердің YouTube парақшасынан осы сынды өзге де көптеген тағамның рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 40 минут

    Құрамы

    Сиырдың тартылған еті - 150 г

    Қант - 20 г

    Қызанақ - 1 дана

    Ұн - 350 г

    Cүт - 200 мл

    Өсімдік майы - 30 мл

    Майонез - 2 ас қасық

    Пияз - 1 дана

    Күнжіт - дәміне қарай

    Кетчуп - 2 ас қасық

    Тұз - 1.5 шай қасық

    Қара бұрыш - 1 шай қасық

    Құрғақ дрожжи - 5 г

    Жұмыртқаның ағы мен сарысы - 1 дана

    82,5% сары май - 50 г

    Қатты ірімшік - қалауыңызша

    Дайындалуы

    1. Қамырдың ашытқысын дайындаймыз

    Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот
    Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Алдымен сүтті жылытып, шұңғыл ыдысқа құямыз. Сосын оған жарты шай қасық тұз, қант пен жұмыртқаның ағын және құрғақ ашытқыны қосамыз. Бәрін венчикпен жақсылап араластырамыз.

    2. Қамыр илейміз

    Қамыр илейміз. Скриншот
    Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Жылы сүткен біртіндер еленген ұнды қосамыз. Сосын сары майды саламыз. Жұмсақ қамыр илейміз. Дайын болған қамырды көтерілу үшін, 1,5 сағатқа уақытқа, бетін жауып, жылы орап қойып қоямыз.

    3. Салмасын дайындаймыз

    Cалмасын дайындаймыз. Скриншот
    Cалмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Пиязды аршып, ұсақтап тураймыз. Сосын табаға майды құйып, қыздырамыз. Қызып тұрған майға пиязды салып, қуырып аламыз. Кейін табаға тартылған етті салып, жақсылап қуырып аламыз. Дәміне қарай тұз бен қара бұрышты қосамыз. Қалауыңызша паприка қоссаңыз да болады.

    4. Қамырды күлшелерге бөлеміз

    Қамырды күлшелерге бөлеміз. Скриншот
    Қамырды күлшелерге бөлеміз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Қамырды бірнеше бөліктерге бөліп, домалақ пішін береміз. Сосын бетін жауып, тындырып қоямыз.

    5. Соус дайындаймыз

    Соусты дайындаймыз. Скриншот
    Соусты дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Майонез бен кетчупты ыдысқа саламыз. Қызанақты жіңішке етіп тураймыз. Қатты ірімшікті де жіңішке етіп турап аламыз. Сосын қамырды түйеміз.

    6. Чизбургерлерді жинаймыз

    Чизкейктерді жинаймыз. Скриншот
    Чизкейктерді жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Қамырдың әр бөлігін жайып, ішіне салмасын саламыз. Алдымен қуырылған тартылған етті, сосын қызанақ пен қатты ірімшікті саламыз.

    7. Чизбургерді пісіреміз

    Чизбургерлерді пісіреміз. Скриншот
    Чизбургерлерді пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Nariman Ariana

    Чизбургерлерді 180 градусқа, алдын ала қызып тұрған пешке салып, 20-30 минутке қойып, пісіріп аламыз. Піскен чизбургерлердің бетіне жұмыртқаның сарысын жағып шығамыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.