jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ірімшік қосылған күлшелер немесе хачапури: Нұрзина Серікбаевадан ең оңай рецепт

    Дайын болған хачапури. Скриншот
    Дайын болған хачапури. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Жақындарыңызды ерекше әрі тойымды таңғы аспен қуантқыңыз келсе, ірімшік қосылған күлшелерді дайындап көріңіз. Таңғы асқа хачапуриді оңай әрі тез қалай даярласа болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

    Хачапури тағамы аджар халқының ұлттық тағамы болып табылады. Аджар халқынан бөлек оны тау халықтарының көпшілігі сүйіп жейді. Дәмі тіл үйіретін тағамды таңғы асқа оңай әрі жылдам қалай даярлауға болады? Нұрзина Серікбаеваның бүгінгі рецебінен білетін боласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: аджар халқы

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 10 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 1 дана

    Сүт - 150 г

    Тұз - шым-шым

    Ұн - 100 г

    Қопсытқыш - 1 шай қасық

    Ірімшік - 150 г (сулугуни, комо)

    Дайындалуы

    1. Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз

    Сүт пен жұмыртқаны араластырамыз. Скриншот
    Сүт пен жұмыртқаны араластырамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Шұңғыл ыдысқа жұмыртқаны жарып, үстінен сүт қоямыз. Шым-шым тұз қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып аламыз.

    2. Ұн қосамыз

    Ұнды електен өткізіп қосамыз. Скриншот
    Ұнды електен өткізіп қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Алдымен ұнды електен өткіземіз. Оған бір шай қасық қопсытқыш қосамыз. Сосын сұйық массаға ақырындап себеміз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    3. Қатты ірімшікті қосамыз

    Қатты ірімшікті қосамыз. Скриншот
    Қатты ірімшікті қосамыз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Қатты ірімшікті үккіштен өткіземіз. Сұйық массаға ірімшікті қосып, жақсылап араластырамыз.

    4. Хачапуриді пісіреміз

    Хачапуриді пісіреміз. Скриншот
    Хачапуриді пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nurzina Serikbayeva

    Қызып тұрған табаға сары майды жағамыз, үстінен сұйық майды құямыз. Осылайша баяу отта, табаның қақпағын жауып, 10 минуттай пісіреміз. Бір жақ беті қызарғаннан соң екінші бетіне аударып, ортасы піскенше пісіреміз. Осылайша, ірімшік қосылған күлше таңғы асқа дайын болып шығады.

    Ірімшік қосылған күлшелер немесе хачапури: Нұрзина Серікбаевадан ең оңай рецепт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.