jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қатпарлы қамырдан қытырлақ самса: Ариана Дәуренқызынан ең дәмді самсаның рецебі

    Қатпарлы қамырдан дәмді самса. Скриншот
    Қатпарлы қамырдан дәмді самса. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Самса — Орталық Азия елдеріндегі ең танымал тағамдардың бірі. Үй жағдайында қатпарлы қамырдан дәмді самсаны қалай даярлауға болады? Бүгінгі рецепттен білетін боласыздар.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Ариана Дәуренқызының YouTube парақшасында қатпарлы қамырдан жасалатын дәмді самсаның рецебі ұсынылған.
    • Самса жасау үшін қажетті ингредиенттер: ұн, сүт, өсімдік майы, пияз, күнжіт, картоп, тұз, қара бұрыш, су, құрғақ ашытқы, сары май және тартылған ет.
    • Рецепт бойынша самса жасаудың негізгі кезеңдері: қамыр илеу, қамырды жаю және қабаттау, салма дайындау, самсаны қалыптастыру және пісіру.

    Қатпарлы қамырдан жасалатын дәмді самсаның рецебімен танымал фудблогер Ариана Дәуренқызы таныстырады. Блогердің YouTube парақшасынан түрлі тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: өзбек

    Санаты: басты тағам

    Дайындау уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 1 сағат

    Құрамы

    Ұн - 550 г

    Cүт - 125 мл

    Өсімдік майы - 50 г

    Пияз - 1 дана

    Күнжіт - дәміне қарай

    Картоп - 2 дана

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Су - 125 мл

    Құрғақ ашытқы - 1 шай қасық

    82,5% сары май - 250 г

    Тартылған ет - 300 г

    Дайындалуы

    1. Қамырдың ашытқысын дайындап аламыз

    Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот
    Қамырдың ашытқысын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Алдымен сүт пен суды жылытып аламыз. Шұңғыл ыдысқа 125 г жылытылған сүт пен суды құямыз. Сосын өсімдік майы, тұз бен ашытқыны қосамыз. Барлығын венчикпен араластырып, ашытқының көпіруін күтеміз.

    2. Қамыр илейміз

    Қамыр илейміз. Скриншот
    Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Көтерілген ашықты мен қамырдың сұйық құрамына електен өткізілген ұнды сеуіп, жұмсақ қамыр илейміз. Қамырды жұмсақ пленкамен жауып, 10 минутқа қалдырамыз. Тындырылған қамырды 4 бөлікке бөлеміз. Әрқайсысын иі қанғанша илеп, шар тәрізді етіп жинаймыз.

    3. Қамырды жаямыз

    Қамырды жаямыз. Скриншот
    Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Әр бөлікті жеке-жеке жұқа етіп жаямыз. Әр бөлікті жұқалап жайғаннан кейін, сары майды төртке бөлеміз. Әр жайылымға сары майды жағып, бірінің үстіне бірін қоямыз. Сосын барлық төрт бөлікті орама етіп орап, пакетке салып, мұздатқышқа 2 сағатқа қоямыз.

    4. Самсаның салмасын дайындаймыз

    Самсаның салмасын дайындаймыз. Скриншот
    Самсаның салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Пияз бен картоптың қабығын аршып, ұсақ шаршы етіп турап аламыз. Шұңғыл ыдысқа туралған пияз бен картопты салып, тартылған етті қосамыз. Дәміне қарай тұз бен бұрышты қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз.

    5. Самса жасаймыз

    Самса жасаймыз. Скриншот
    Самса жасаймыз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Қамырды мұздатқыштан алып, шамамен 20 тең бөлікке бөлеміз. Әр бөліктен қолмен, көлемі кішкентай болатын себет жасаймыз. Ішіне бір шай қасық салманы салып, қамырдың шетін ортасына қарай жауып, түйеміз. Самсаның салмасының сөлі сыртқа ақпауы үшін, қамырды нығарлап жапқан дұрыс болады.

    6. Самсаларды пісіреміз

    Самсаларды пісіреміз. Скриншот
    Самсаларды пісіреміз. Скриншот: YouTube/Nariman Ariana

    Пешті алдын ала 180 ºC-та қыздырып аламыз. Противеньге пергамент қағазын төсеп, самсаның шет-шеттерін қара күнжітке аунатып, табаға саламыз. Қызып тұрған пеште самсаны 30–35 минутқа қойып, пісіріп аламыз. Осылайша, қатпарлы самса дайын болып шығады.

    Қатпарлы қамырдан қытырлақ самса: Ариана Дәуренқызынан ең дәмді самсаның рецебі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.