jitsu gif
Тағам

    Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақ салаты: Диана Есенбековадан ерекше рецепт

    Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақ салаты. Скриншот
    Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақ салаты. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Күздің соңғы айлары ағзадағы дәрумендерді азайтып алмау үшін, көкөністер мен маусымдық жемістерді жеп, денсаулықты күткен жөн. Осыған орай, назарларыңызға ағзаға пайдасы зор және жасалу жолы оңай, ерекше салаттың рецебін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Фудблогер Диана Есенбекова брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақтан салат жасау рецептін ұсынады.
    • Салатқа брокколи, түрлі-түсті орамжапырақ, қияр және қызанақ қолданылады.
    • Орамжапырақтар алдымен қайнатылып, содан кейін туралған қияр мен қызанақпен араластырылады.

    Орамжапырақтардың дәмді салатымен танымал фудблогер Диана Есенбекова таныстырады. Блогердің YouTube арнасында осы және өзге де дәмді тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: тіскебасар

    Дайындалу уақыты: 15 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Брокколи - 1 орам

    Түрлі-түсті орамжапырақ - 1 орам

    Қияр - 1-2 дана

    Қызанақ - 3-4 дана

    Кинза - 1 бума

    Сәбіз - 2 дана

    Салатқа арналған дәмдеуіш - дәміне қарай

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Сарымсақ - 1-2 тісше

    1. Орамжапырақтарды қайнатамыз

    Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақтарды қайнатамыз. Скриншот
    Брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақтарды қайнатамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Алдымен брокколи мен түрлі-түсті орамжапырақты ұсақтап бөліп, 3-4 суық суда жуып аламыз. Сосын шұңғыл ыдысқа су құйып, орамжапырақтарды саламыз. Баяу отта 7-8 минут қайнатып аламыз. Сосын суын төгіп, орамжапырақтардың суын сарғытып аламыз. Дайын болған орамжапырақтарды шұңғыл ыдысқа саламыз.

    2. Қияр мен қызанақты тураймыз

    Қиярды турап аламыз. Скриншот
    Қиярды турап аламыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Қиярды жуып, ортасынан екіге бөлеміз. Екі бөлікті тағы бөліп, кесектеу етіп тураймыз. Туралған қиярды брокколи мен түрлі-түсті орамжапыраққа қосамыз. Қызанақты да дәл қияр сияқты ірілеу етіп турап, орамжапырақтарға қосамыз.

    3. Кинзаны қосамыз

    Кинзаны қосамыз. Скриншот
    Кинзаны қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Кинзаны жуып, ұсақтап етіп турап, салатқа қосамыз.

    4. Сәбізді үккіштен өткіземіз

    Сәбізді үккіштен өткіземіз. Скриншот
    Сәбізді үккіштен өткіземіз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Екі сәбізді жуып, қабығын аршимыз. Сосын ұзынша етіп тілетін үккіштен өткізіп, салатқа қосамыз.

    5. Дәмдеуіштерді қосамыз

    Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот
    Дәмдеуіштерді қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Салатқа арналған дәмдеуіштерді, тұз бен қара бұрышты дәміне қарай қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

    6. Cарымсақты қуырып қосамыз

    Сарымсақты қуырып, қосамыз. Скриншот
    Сарымсақты қуырып, қосамыз. Скриншот: YouTube/ СУПЕР КЕЛІН ДИАНА

    Сарымсақты үккіштен өткізіп, қызып тұрған майға саламыз. Жақсылап қуырып алып, салатқа қосамыз. Барлығын тағы да араластырамыз. Осылайша, дәмді әрі ағзаға пайдалы салат дайын болып шығады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.