jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Тойымды таңғы ас: Анаргүл Құдайбергеновадан лаваш пен жұмыртқадан пісірілетін таңғы ас рецебі

    Жұмыртқа мен лаваштан тойымды таңғы ас. Скриншот
    Жұмыртқа мен лаваштан тойымды таңғы ас. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Таңғы астың тойымды әрі құнарлы болуы адам ағзасы үшін өте пайдалы болады. Бүгінгі материалда лаваш пен жұмыртқадан дайындалатын, оңай әрі құнарлы таңғы астың рецебімен бөлісетін боламыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Бұл мақалада лаваш пен жұмыртқадан дайындалатын жылдам әрі дәмді таңғы ас рецепті ұсынылады.
    • Рецепт бойынша лавашты жайып, оған жұмыртқа, ірімшік және көкөністер салынып, орама жасалады.
    • Бұл тағам оңай дайындалатын, тойымды әрі пайдалы таңғы ас ретінде ұсынылады.

    Жұмыртқа мен лаваштан жасалатын ерекше таңғы астың рецебімен фудблогер Анаргүл Құдайбергенова таныстырады. Блогердің YouTube арнасына осы және өзге де тағамдардың рецепттерімен таныс бола аласыздар.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа елдері

    Санаты: басты тағам

    Дайындалуы уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 5 минут

    Құрамы

    Жұмыртқа - 2 дана

    Тұз, қара бұрыш - дәміне қарай

    Сүт - 30 мг

    Ірімшік - 3-4 тілім

    Шұжық - 3-4 тілім

    Қызанақ - 1 дана

    Дайындалуы

    1. Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз

    Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз. Скриншот
    Жұмыртқа мен сүтті араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Екі жұмыртқаны шұңғыл ыдысқа жарамыз. Дәміне қарай тұз бен қара бұрыш қосамыз. Сосын аздап сүт қосып, барлығын жақсылап араластырамыз.

    2. Жұмыртқаны пісіріп, лавашты жаямыз

    Жұмыртқаның бетіне лавашты саламыз. Скриншот
    Жұмыртқаның бетіне лавашты саламыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Сүтпен араласқан жұмыртқаны баяу отта қызып тұрған табаға құйып, орташа отта пісіріп аламыз. Піскен соң бетіне лавашты саламыз. Сосын келесі бетіне аударамыз.

    3. Лаваштың арасына ірімшік пен шұжық, қызанақ саламыз

    Лавашқа ірімшік пен шұжық, қызанақ саламыз. Скриншот
    Лавашқа ірімшік пен шұжық, қызанақ саламыз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Лаваштың ішіне қалауыңызша ірімшік, шұжық тілімдерін кезектестіріп саламыз. Сосын қызанақты жұқа етіп турап, саламыз.

    4. Лавашты қызартып пісіреміз

    Лаваштың екі жағын пісіреміз. Скриншот
    Лаваштың екі жағын пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Anargul Muxtarovna

    Лаваштың арасына барлық құрамды салып болған соң, екі жақ бетін қызарғанша пісіріп аламыз. Сонда лаваш қытырлақ болып шығады. Осылайша тойымды әрі құнарлы таңғы ас дайын болып шығады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.