jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Найман қызы
    Әсел Найман қызы
    Бұрынғы қызметкер

    Стақандағы Наполеон: әйгілі тортты әзірлеудің ең оңай әдісі

    Дайын болған стақандағы Напалеон торты. Скриншот
    Дайын болған стақандағы Напалеон торты. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Стақандағы "Наполеон" торты - cүйікті десертті әзірлеудің ең оңай жолы болып саналады. Тортты даярлаудың бұл әдісі оңай әрі көп уақытты қажет етпейді. Осыған орай, назарларыңызға әйгілі Наполеонды дайындаудың ең оңай әдісін ұсынамыз.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • "Наполеон" тортын стақанда дайындаудың оңай әдісі ұсынылады.
    • Рецептте қатпарлы қамыр, сүт, жұмыртқа, қант және басқа ингредиенттер қолданылады.
    • Торт қабаттарын дайындау, кремді әзірлеу және стақанда қабаттап жинау процесі сипатталған.

    Наполеон торты - классикалық торт үлгілерінің ішіндегі ең танымалы болып саналады. Бүгінгі рецептте оны стақанда әзірлеудің ең оңай рецебін ұсынатын боламыз.

    Сипаттамасы

    Асхана: Еуропа

    Санаты: десерт

    Дайындалу уақыты: 5 минут

    Дайын болу уақыты: 30 минут

    Құрамы

    Ашытқысыз қатпарлы қамыр - 1 дана

    Қант - 70 г

    Ұн - 12 г

    Cүт - 250 мл

    Жүгері крахмалы - 12 г

    Ваниль экстракты - 0.25 шай қасық

    Жұмыртқаның сарысы - 3 дана

    82,5% сары май

    Дайындалуы

    1. Сүтті жылытамыз

    Сүтті жылытып аламыз. Скриншот
    Сүтті жылытып аламыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Сүтті ыдысқа құйып, орташа отқа қоямыз. Сүтті қайнатпай, тек ысытқан дұрыс болады. Сүт күйіп кетпеуі үшін, оны жақсылап араластырып отырамыз.

    2. Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз

    Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз. Скриншот
    Жұмыртқаның сарысы мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Шұңғыл ыдысқа жұмыртқаның сарысын салып, бетіне қантты себеміз. Миксермен орташа жылдамдықта екеуін жақсылап араластырамыз. Жұмыртқаның сарысы көпірмейінше, екеуін әбден араластыру қажет болады.

    3. Ұн мен крахмалды қосамыз

    Ұн мен крахмалды қосамыз. Скриншот
    Ұн мен крахмалды қосамыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Көпірген жұмыртқаның сарысына 12 г ұн мен жүгері крахмалын қосамыз. Массаны біркелкі болғанша миксермен араластырып аламыз. Сосын жылыған сүтті қосып, венчикпен араластырамыз.

    4. Кремді қайнатамыз

    Кремді қайнатамыз. Скриншот
    Кремді қайнатамыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Кремді жылы сүті бар ыдысқа құямыз. Сосын баяу отқа қойып, үнемі араластырып отырып, қайнатамыз. Кремнің бетінде көпіршіктер пайда болса, ол қайнады деген соң. Осылай тағы 1 минут қайнатып, кремді оттан алыңыз. Қайнаған кремге ұсақтап туралған сары майды қосыпғ араластырыңыз. Соңында ваниль экстрактын қосып, тағы да араластырыңыз.

    5. Кремді суытамыз

    Кремді суытамыз. Скриншот
    Кремді суытамыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Дайын болған кремді тезірек сууы үшін, басқа ыдысқа құйыңыз, сосын бетін ас пленасымен жауып, 20 минутқа суытып қойыңыз. Сосын кремді тоңазытқышқа 1 сағатқа қойыңыз.

    6. Торттың корждарын дайындаймыз

    Торттың корждарын дайындаймыз. Скриншот
    Торттың корждарын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Қатпарлы қамырды екіге бөлеміз. Әрқайсысын шанышқымен тесеміз. Сосын қамырды пергамент төселген противеньге саламыз. 200 градусқа шамамен 10-15 минутқа қойып, торт корждарын пісіріп аламыз. Корждар қытырлақ болуы тиіс. Олардың әрқайсысын суытып аламыз.

    7. Қамырды ұсақтаймыз

    Қамырды ұсақтаймыз. Скриншот
    Қамырды ұсақтаймыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Суыған корждарды ыдысқа ұсақтап, саламыз. Қалғанын блендерге салып, ұсақтап аламыз. Мұндай ұсақталған корж десертті әсемдеуге қажет болады.

    8. Тортты стақанда жинаймыз

    Тортты стақанда жинаймыз. Скриншот
    Тортты стақанда жинаймыз. Скриншот: YouTube/ Cooking Inspo

    Тоңазытқыштан кремді алып, қасықпен араластырып аламыз. Стақанның түбіне бір ас қасық кремді саламыз. Бетіне ұсақталған қамырды себеміз. Осылайша, қамыр мен кремді кезекпен салып бітіреміз. Десерттің бетін ұсақталған коржбен әсемдейміз. Дайын болған десертті ас пленкасымен бетін жауып, тоңазытқышқа 3–4 сағатқа қойып, кремін сіңдіреміз. Сонымен дәмді әрі жасалу жолы оңай Напалеон торты дайын болып шығады.

    Стақандағы Наполеон: әйгілі тортты әзірлеудің ең оңай әдісі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.